AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Бас прокуроратура: Қаңтар оқиғасымен ұсталғандарды...

Бас прокуроратура: Қаңтар оқиғасымен ұсталғандардың құқығын бұзу бойынша 133 қылмыстық іс қозғалды

Заң мен тəртіп 10.02.2022, 06:42 1,086
Бас прокуроратура: Қаңтар оқиғасымен ұсталғандардың құқығын бұзу бойынша 133 қылмыстық іс қозғалды
24.kz

ҚР Бас прокурорының орынбасары Ерлік Кененбаев қаңтар оқиғасына байланысты ұсталғандардың құқығын бұзғандардың үстінен қанша іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Заңсыз іс-әрекеттер, оның ішінде азаптаулар тергеудің бастапқы кезеңінде болады. Адамдарды оқиға орнынан полицияға апарған соң олар тергеушімен немесе жедел уәкілмен оңаша қалады. Жедел қызметкерлер ұсталғандармен «жүрекжарды әңгіме» жүргізу үшін процессуалдық сипаттан тыс қарым-қатынастарға жол береді. Ұсталғандардың көбі өз құқықтарын білмейді, қорғаушы талап етіп жатпайды. Полиция бұл жайтты көп жағдайда өздеріне пайдаланады. Себебі ұсталған адамдармен жұмыс жүргізудің нақты реттелген тәртібі жоқ. Қаңтардағы оқиғалар бұған айқын дәлел», - деді Бас прокурордың орынбасары.



Сондай-ақ ол қаңтар оқиғасы бойынша прокуратура органдарына түскен шағымдардың қалай қаралып жатқанын баяндады.



«12 қаңтарда Алматы прокуратурасы заңсыз қамауда отырған қаланың 24 тұрғынын босатты. Аталған факт бойынша арнайы прокурор тергеу жүргізуде. Прокурорлар уақытша ұстау изоляторларынан негізсіз ұсталған 96 адамды босатты. Сонымен бірге әрекеттерінің ауыр болмауына байланысты 92 адамға қатысты бұлтартпау шарасы өзгертілді. Ұсталған адамдарға қатысты құзыретті асырып пайдалану, өлім, азаптау фактілері бойынша істер тергеліп жатыр. Бұл сипаттағы 133 қылмыстық іс тергелуде. Барлық істердің обьективті өтуі үшін процессуалдық прокурорлар белгіленді. Ұсталған тұлғаларға медициналық көмек қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда қамауда отырған және ұсталған 27 адамға қажетті медициналық көмек көрсетіліп отыр», - деді Ерлік Кененбаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаңтар #азамат #прокуратура
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Астана алаңында Наурыз мерекесіне орай мерекелік іс-шаралар өтеді

Бүгін 10:14

Алматыдағы балалар колониясына Адам құқықтары жөніндегі омбудсмен келді

Бүгін 09:53

Алматыдан Прагаға тікелей рейс ашылады

Бүгін 09:32

Қазгидромет 8 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 08:56

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айтпен құттықтады

Бүгін 08:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика