AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Бас прокуратура жаңа Конституция жобасындағы 18-ба...

Бас прокуратура жаңа Конституция жобасындағы 18-бапқа қатысты ұсыныс айтты

Мұны білген жөн 05.02.2026, 16:41 306 Сұлу
Бас прокуратура жаңа Конституция жобасындағы 18-бапқа қатысты ұсыныс айтты
telegram.org/konstituciyalikreforma

Бүгін Конституциялық комиссияның кезекті отырысында бірінші болып сөз алған Бас прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев жаңа Конституцияның 18-бабының қазақ және орыс тіліндегі нұсқаларында неге айырмашылық бар екенін түсіндірді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

«Комиссия қарауына Конституцияның 18-бабына қатысты бірқатар ұсыныстар келіп түсті. Заңгерлер мен мамандардың пікірінше, заң техникасы тұрығысында сұрақтар бар. Атап айтсақ, осы баптың екінші тармағында «сот шешімінсіз адамды заңда көзделген мерзімінен артық ұстауға болмайды» деп көрсетілген. Бұл дұрыс жазылған мәтін. Бірақ, орыс тіліндегі аудармасында «мерзімінен артық ұстау» деген шешуші ұғым көрсетілмей қалған. Сондықтан, кейбір мамандар «сот шешімінсіз күдіктіні мүлде ұстауға болмайды» деп түсіну қауіпі бар екенін айтуда. Қалыптасқан сот тергеу тәжірибесі қиындыққа тірелуі мүмкін деген пікірлер бар. Мәтін мазмұнына қарасақ расында да дәл солай. Кісі өлтіру, басқа да қоғамға қауіпті қылмыстар кідірісті көтермейтіні айдан анық. Қылмысты тоқтату, күдіктіні ұстау, оны дереу оқшаулау құқық қорғау органдарының ең негізгі міндеттері. Тек осыдан кейін оны күзетпеу ұстау шешімді сот қабылдайды. Бұл дүниежүзілік практика», - деді Өмірәлиев.

Сондықтан, ол талқылаудағы осы норманы нақтылауды ұсынды.

«Конституция еліміздің басты құқықтық темірқазығы. Оның әрбір нормасы анық және түсінікті болуы керек. Екіұшты болмау керек. Сондықтан, талқылаудағы осы норманы қайта қарап, нақтылауды ұсынамын», - деді Өмірәлиев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бас прокуратура #Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Бүгін 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Бүгін 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Бүгін 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Бүгін 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);