AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бас прокуратура есірткі бизнесімен күресу шаралары...

Бас прокуратура есірткі бизнесімен күресу шаралары туралы мәлімдеді

Әлеумет 21.11.2024, 14:45 1,108
Бас прокуратура есірткі бизнесімен күресу шаралары туралы мәлімдеді
almaty-akshamy.kz
 

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, нашақорлық пен есірткі саудасына қарсы кешенді шаралар қабылдауда. Осы жұмыстар аясында 75 есірткі зертханасының қызметі тоқтатылып, 87 адам, соның ішінде Молдова, Латвия, Үндістан және басқа да елдердің азаматтары ұсталды. 1,3 тоннадан астам синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Құқық қорғау органдары есірткі саудасымен айналысатын 13 қылмыстық топтың, оның ішінде екі трансұлттық қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі. Сонымен қатар, «Нашақорлыққа жол жоқ» атты есірткіге қарсы іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Нәтижесінде есірткі насихаттағаны үшін 17 адам ұсталып, 10 мыңнан астам нарко-граффити жойылды.

Заманауи технологиялардың дамуы есірткі сатушылардың интернет-платформаларды пайдалану арқылы заңнан тыс әрекеттерін жасыруына мүмкіндік берген. Осыған байланысты тәртіп сақшылары көбінесе тек есірткі таратушыларды (закладчиктерді) ғана емес, сонымен қатар қылмыстық иерархияның жоғарғы деңгейіндегі ұйымдастырушыларды да әшкерлеуге кірісті. Қазіргі уақытта есірткі саудасынан түскен заңсыз табысты бақылап отырған «кураторлар» мен есірткі бизнесінің басқа да ұйымдастырушылары ұсталды.

Құқық қорғау органдары есірткі бизнесінің әрбір буынын анықтауға бел буған. Бұл мақсатта есірткі жарнамалаушыларынан бастап, есірткі саудасын ұйымдастырушыларға дейінгі барлық деңгейдегі қылмыскерлердің әрекеттері анықталуда.

Бас прокуратура азаматтарды есірткі тұтынудан және есірткі бизнесіне қатысудан сақ болуға шақырады. Заң мен тәртіптің үстемдігі қоғам мен әрбір азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осы қағидат сақталған жағдайда ғана біз әділ, таза және қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#прократура #технология #Нашақорлыққа жол жоқ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);