AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын вакциналануды...

Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын вакциналануды жалғастыруға және ревакцинацияға баруға шақырды

Әлеумет 22.12.2021, 13:48 1,325
Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын вакциналануды жалғастыруға және ревакцинацияға баруға шақырды
almaty-akshamy.kz

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистегі эпидемиологиялық ахуалдың дамуы және жағдайды қиындатуы мүмкін жаңа "омикрон" штамының таралу қаупі туралы айтып берді. «Алматы» ТА-дағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде әкім қала тұрғындарды санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Соңғы 7 күнде КВИ дерті өткен апталармен салыстырғанда 249 оқиғадан 223 жағдайға дейін төмендеді, тәулігіне 30-35 жағдай тіркелді. Инфекция жұқтырудың эпидемиологиялық көрсеткіштері 1 науқастан 1 адамнан аз жұққанын көрсетеді (бүгінгі күнгі R саны 0,8).



Айта кетерлігі, жыл басынан бері қалада 164 477 КВИ және 1 449 ковидті пневмония тіркелген. Желтоқсан айында Алматыда 1000-1300 КВИ жағдайы болжануда, 22 желтоқсанда 884 жағдай тіркелді.


Соңғы аптада жасы бойынша дерт жұқтырғандардың үлесі: 20-59 жас – 55%, 60 жас және одан жоғары – 25%, 14 жасқа дейінгі балалар - 15%, жасөспірімдер 5%-ды құрады. Оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыс істемейтін азаматтар – 31%, ұйым, ЖШС, ЖК қызметкерлері – 21%, зейнеткерлер – 20%, оқушылар – 11%, мектеп жасына дейінгі балалар – 7%, студенттер – 3%, басқалар – 7%. Алматылықтар дертті көбінесе қоғамдық көліктерде (36%), сауда нысандарында (34%) және отбасыларда (25%) жұқтырады.



Бүгінде Алматыда КВИ дертінің төмендеуі ұжымдық иммунитеттің 58%-ына (вакциналанғандардың 50%-ы және жыл басынан бері ауырып ауырғандардың 8%-ы) қолжеткізудің арқасында мүмкін болды. Сондықтан қала әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды, оның ішінде жасөспірімдер мен тәуекел  тобындағы қалалықтарды белсенді түрде вакциналануға шақырды. Алғашқы егуді алғандар дәрігерлер ұсынған мерзімнен кейін ревакцинациядан өтулері тиіс.


Айта кетерлігі, пандемияның жаңа толқыны әлемде таралуын жалғастыруда. «Омикрон» штаммы әлемнің 106 елінде тіркелген, оның ішінде ұжымдық иммунитеттің жоғары деңгейі бар – АҚШ, Ұлыбритания, Германия және басқаларында.


Алматыда жаппай вакциналану қажет, өйткені қалалық санэпидқызметтің талдау тобы мамандарының болжамы бойынша Алматыда COVID-19 "омикрон" штамының тіркелуі әбден мүмкін. Эпидемияның кезекті толқыны 2022 жылғы қаңтардың ортасында күтілуде, наурыз айының ортасына қарай өршуі ықтимал.



Қала әкімі эпидемиологиялық жағдайы нашар елдерден «омикрон» инфекциясының Қазақстанға әкелінуінің алдын алу үшін профилактикалық жұмыстардың кеңінен жүргізіліп жатқанын атап өтті. Мәселен, 3-20 желтоқсан аралығында Алматыға шетелден 49,4 мың жолаушысы бар 344 рейс қонды. Оның ішінде ПТР анықтамаларымен 29,7 мың, вакциналау паспортымен 20 мың, «омикрон» штамы тіркелген елдерден 2,9 мың жолаушы келді. Барлығы медициналық бақылауға алынып, 7 күн бойы оқшауланды. Кейіннен олардың арасында КВИ-мен ауыратын 5 науқас анықталды, олардың барлығы инфекциялық стационарда оқшауланды


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Сағынтаев #Вакцинация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);