Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының денсаулық сақт...

Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесінің КВИ пандемиясының жаңа толқынына дайындығы туралы айтты

Әлеумет 28.07.2021, 17:42 1,260
Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесінің КВИ пандемиясының жаңа толқынына дайындығы туралы айтты
almaty-akshamy.kz

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы Akimat live бағдарламасының барысында ковидті стационарлардың дайындығы және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы айтты деп хабарлайды almaty-akshamy.kz




Бүгінде Алматыда 7000 инфекциялық төсек-орын дайындалды. Оның ішінде 6265-і қолданыста, олардың жүктемесі 58,7%-ды құрайды. Қосымша резервте 2400 төсек орын бар. Олар қазір кезеңмен іске қосылады. Егер тамызда ахуал ушығатын болса, онда 3000 резервтік төсек-орын пайдаланылатын болады.



Сонымен бірге, балалар мен ересектерге ургентті және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін негізгі мамандандырылған клиникалар, оның ішінде онкологиялық және кардиологиялық клиникалар жұмыс жасайды.



Анықталған жағдайлардың пропорционалды саны бойынша ауруханаға жатқызу артуда. Егер бір ай бұрын ауруханаға тәулігіне 40-70 науқас жатқызылса, қазір тәулігіне 400-500-ге дейін пациент қабылдануда. 27 шілдеде ауруханаларға 516 науқас түсті.



28 шілдеде стационарларда 3943 науқас жатыр, оның ішінде 215 бала. 119 науқастың жағдайы өте ауыр, 990-ы ауыр халде.



Инфекциялық стационарларда 500 реанимациялық төсек-орын бар. Жүктеме - 53,4%, 267 науқас. ӨЖЖ аппаратында - 28, инвазивті емес өкпені желдетуде - 110, High Flow аппаратында - 103 науқас жатыр.



Өлім-жітім санын азайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тәжірибелі кафедралды қызметкерлер арасынан мобильді реанимациялық орталық ұйымдастырылды. Жансақтау бөлімдерінің медициналық құрылғылармен жабдықталуы 100%-ды құрайды.


КВИ-мен күреске 6 212 медицина қызметкері қатысуда. 1700-ден астам медқызметкер резервте. Кадрларды қайта даярлау жүріп жатыр.


Телемедицина орталығы мен АМСК ұйымдарының бақылауындағы үйдегі науқастардың саны 5 есеге өсті - 7 702-ге дейін. Стационарлар мен АМСК ұйымдарының жанынан науқастарға дер кезінде диагноз қою мен емдеу үшін мультидисциплинарлы топтар құрылды.



"Жедел жәрдемді" күн сайын шақыру саны 2 750-ге дейін өсті, ЖРВИ, КВИ және пневмония бойынша шақырулардың үлесі шілде айында 2 есеге өсті: 15-тен 30%-ға дейін.



Қалалық дәріханалар желісін қамтамасыз ету үшін 5 миллиард теңгеге тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Дәрі-дәрмектердің 68 атауы бойынша қажетті қор жасалды. Бүгінде 18,1 миллион қапталған дәрі-дәрмектері бар, оның ішінде азаймайтын қалдық – 8 миллион.



Сұранысқа ие дәрі-дәрмектер қаланың барлық дәріханаларында бар, қолжетімділік 85-90%-ды құрайды, нақтылы бары 1,3 миллион препарат. Сонымен қатар, 248 мың дәрі-дәрмектер пакеті жеткізіледі деп күтілуде. Қаланың медициналық ұйымдары екі айлық дәрі-дәрмек қорымен қамтамасыз етілген.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#AKIMAT LIVE #Сағынтаев #кви
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика