AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Бақыт деген - сенің бала күндерің» атты балалар в...

«Бақыт деген - сенің бала күндерің» атты балалар вокалдық байқауының алтыншы маусымы өтті

Мәдениет 23.07.2022, 04:02 1,802
«Бақыт деген - сенің бала күндерің» атты балалар вокалдық байқауының алтыншы маусымы өтті

21-22 шілдеде Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында  «Бақыт деген - сенің бала күндерің» атты жыл сайынғы балалар вокалдық фестиваль-байқауының алтыншы кезеңі өтті.  


Биыл байқауға қатысуға Қазақстанның әр өңірінен 425 өтініш түскен.  Вокалдық жағынан мықты деп танылған 20 бала фестивальға іріктеліп алынды, ал байқауға 6 мен 15 жас аралығындағы 10 бала қатысты.



Фестиваль биыл алтыншы рет өткізіліп отыр. Өткен 5 маусымда барлығы 7000 өтініш түскен. Фестивальдың 50-ден астам қатысушысы  Ресейдегі  «Голос. Дети» «БалаларЕвровидениесі», «Қазақстан дауысы», «Бала дауысы» және «Central Asia’s got talent» секілді отандық және шетелдік байқаулардың лауреаты атанған.


Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші күні байқауға қатысушылар отандық және шетелдік синглдарды орындады. Екінші күні өнерпаз балалар  Әлішер Кәрімов, Әнел Әренова, Салтанат Құдайберген және басқа да эстрада жұлдыздарымен бірігіп дуэт айтты.  



Байқаудың супергран-при жүлдесі Орал қаласынан келген 8 жастағы Айбике Сатпаеваға бұйырды, ал Гран-приді Талдырқорғаннан келген 11 жастағы  Имангелді Аяулым жеңіп алды. Фестивальдің әділ қазылар алқасының мүшелері: Қазақстанның Еңбек сіңірген артисі Айжан Нұрмағанбетова, әнші Бек Оралбеков, продюсер Айнұр Рахимова және  композитор Юлия Лебедева.


Іс-шара демеушілердің қолдауымен ұйымдастырылды. Фестивальды тамашалау тегін болды.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фестиваль #балалар #өнер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Кеше 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Кеше 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Кеше 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Кеше 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Кеше 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);