Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум - 2022 / «Бақылаушылар мектебі-2022» жұмысын бастады

«Бақылаушылар мектебі-2022» жұмысын бастады

Референдум - 2022 30.05.2022, 08:13 1,260
«Бақылаушылар мектебі-2022» жұмысын бастады
almaty-akshamy.kz

«Қоғамдық жоба мекемесі» қоғамдық бірлестігі тәуелсіз бақылаушылардың дайындығы туралы хабарлады.


Алматыда 5 маусым күні өтетін референдумда тәуелсіз бақылаушылардың жұмысын ұйымдастыру және оған жәрдемдесу мәселелері бойынша «Қоғамдық жоба мекемесі» ҚБ баспасөз конференциясы өтті. Жиынға Алматы қаласының тәуелсіз бақылаушылар мектебінің жетекшісі және «Қоғамдық жоба мекемесінің» директоры Александр Братенков, бақылаушылар мектебінің жаттықтырушысы Қарлығаш Үсейінова, ҚР Фрайчазинг қауымдастығының президенті Бекнұр Кисиков қатысты.


Баспасөз конференциясы барысында шара спикерлері тәуелсіз бақылаушылар жұмысының мазмұнына шолу жасап, олардың кәсіби деңгейі мен құзыреттері жайлы түсіндірме берді.



  • Біз бақылаушылар мектебінің аясында мыңға жуық адамды арнайы дайындық бағдарламасынан өткіздік. Біздің мектебіміздің басты мақсаты – бақылаушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, алдағы референдумдағы олардың құқықтары мен құзыретін ҚР заңнамасы негізінде толық үйрету. Жалпы бақылаушылардың құқықтық мәртебесі ҚР Конституциясының "Сайлау туралы" заңының 20-бабының бірінші тармағында көрсетілген. Бақылаушы болуға ниеттенген адамдарға осы заңнаманы үлгіге ала отырып, семинар сабақтарын өткіздік және әлі өткізіп жатырмыз, – деді бақылаушылар мектебінің жаттықтырушысы Қарлығаш Үсейінова.


Сондай-ақ, тәуелсіз бақылаушылардың референдумға қатысу ерекшеліктері туралы да сөз қозғалды. Осы тұрғыда «Бақылаушылар мектебі-2022» жаттықтырушылары (партиялық емес бақылау орталығының әдістемелік қолдауымен) ниет білдірген, қабілетті және шебер, заңнама талаптарын адал сақтайтын және белсенді азаматтық ұстанымы бар байқаушылардың жаңа санатын қалыптастырудың мақсаты, мазмұны мен ерекшеліктері туралы айтып берді.



  • ҚР Конституциясында кім тәуелсіз бақылаушы бола алатындығы нақты көрсетілген. Атап айтқанда, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, саяси партиялардың мүшелері, халықаралық ұйымдардың мүшелері және БАҚ өкілдері бақылаушы бола алады. Осы ақпаратты бақылаушы болғысы келетін адамдар ескеруі керек. Тәуелсіз бақылаушылар дауыс беру орталықтарында барлық жұмыстар заңнама негізінде өткізіліп жатқандығына көз жеткізіп, оның орындалуына өзіндік үлесін қосады. Сондықтан біз белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдарды бақылаушы болуға шақырамыз, – деді Александр Братенков.


«Қоғамдық жоба мекемесінің» директоры Александр Братенковтың айтуынша, «Бақылаушылар мектебі-2022» дайындаған тәуелсіз бақылаушылар Алматының барлық сайлау учаскелерінде болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #коституция #референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47

Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Бүгін 16:23

"Діни насихатты шектеу керек". Мәдениет министрлігі Баян Алагөзованың ұсынысына пікір білдірді

Бүгін 16:19

"Айналайын, келе ғой". Абай облысында атқа мінген полицей айдаладан 3 жасар баланы тауып алған (ВИДЕО)

Бүгін 16:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика