AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Банк карталарын алу қиындайды

Банк карталарын алу қиындайды

Әлеумет 31.03.2025, 15:07 799
Банк карталарын алу қиындайды
syrboyi.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) банк карталарын шығару мен пайдалануға қатысты жаңа талаптар енгізетінін жариялады. Бұл ережелер қаржы пирамидалары мен алаяқтық әрекеттерді болдырмауға бағытталған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Кімдерге шектеу қойылды?

  • 18-21 жас аралығындағы жастар – онлайн төлем картасын ала алмайды. Олар енді тек банк бөлімшесіне барып картаны рәсімдей алады.

  • Шетел азаматтары – банк картасын алу тәртібі күшейтіледі. Банктер олардың заңды түрде елде болуын тексеріп, картаны шығарады.

  • Қаржы пирамидалары мен дропперлер – күмәнді операцияларды анықтаған банктер карталарды бұғаттайды.

Қандай өзгерістер енгізіледі?

Шетелдіктер үшін:

  • Картаны онлайн немесе өкіл арқылы алу мүмкін болмайды.

  • Клиент айына кемінде бір рет екі факторлы сәйкестендіруден өтуі керек.

  • «Бір төлем картасы – бір адамға» қағидасы енгізіледі.

  • Картаны ашқан алғашқы үш айда транзакциялар қатаң бақылауда болады.

Қаржы пирамидалары мен дропперлерге қарсы:

  • Бір IP мекенжайы мен телефон нөмірін бірнеше клиент пайдаланса, банк оларды тексеріп, күмәнді карталарды бұғаттайды.

  • Әдеттен тыс геолокация, IP немесе құрылғы қолданылған жағдайда, шаралар қолданылады.

  • Күмәнді операциялар үшін карталарды пайдаланған тұлғалармен қаржылық байланыс орнатылса, шектеулер енгізіледі.

Несие алу туралы:

  • Егер сіз алғаш рет несие алғыңыз келсе, оны онлайн рәсімдеу мүмкін болмайды. Міндетті түрде банк немесе МҚҰ кеңсесіне бару керек.

Бұл өзгерістердің мақсаты қаржы пирамидалары мен алаяқтық әрекеттерді азайтуға бағытталған. Банктер енді күмәнді операцияларды жасанды интеллект арқылы қадағалайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#банк #карта #Қаржы пирамидалары #дропперлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);