“Балдәурен” – бақытты ән дәурен...

“Балдәурен” – бақытты ән дәурен... №140 гимназия

Соңғы жылдары мектеп оқушыларының жазғы демалысына кеңінен көңіл бөлініп, барлық жағдай жасалып жатыр.  Өйткені, жазғы демалыс баланың тұлғалық тұрғыда өсіп, дамитын кезі. Бұл кезде баланың бойы ғана емес, ой-өрісі де дамиды. Осы кезде оңы мен солын, қысқасы  өмірді тереңірек танып, болашаққа қадам жасайтын мезгілі. Сондықтан да, жазғы демалыс маусымын   пайдалы әрі қызықты етіп  өткізу – әр балаға берілетін  мүмкіндік.

Міне, оқу жылы аяқтала сала, бостандық ауданындағы  «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия»  жанынан “Балдәурен” жазғы лагері өз жұмысын бастап кетті.   Мектеп оқушылары үшін асыға күткен демалыс кезеңі қызыққа, шаттыққа толы  күндерді  бастады.  Жалпы, жазғы демалысты әрбір бала асыға тоссатын болса,  бұл олардың  ата-анасы үшін басты мәселе. Өйткені, кез-келген ата-ана баласының қауіпсіз ортада, сенімді тәрбиешілердің бақылауында демалғанын қалайды. Осы тұрғыда мектеп жанынан ашылып отырған  “Балдәурен” жазғы лагері – нағыз  сенімді орта. Лагерь бағдарламасы жан-жақты жасалған. Таңғы жаттығудан бастап, шығармашылық үйірмелер, театрландырылған қойылымдар, спорттық жарыстар, танымдық сағаттар, мәдени орындарға саяхат - барлығы балалардың уақытын мазмұнды өткізуге бағытталған. Лагерь бағдарламасы жан-жақты жасалған. Таңғы жаттығудан бастап, шығармашылық үйірмелер, театрландырылған қойылымдар, спорттық жарыстар, танымдық сағаттар, мәдени орындарға саяхат - барлығы балалардың уақытын мазмұнды өткізуге бағытталған.

Аталмыш лагерьдің ашылу салтанатында  гимназия директоры Сәния Өскенбайқызы сөз алып,  лагердің санитарлық-гигиеналық талапқа сай жасақталғанын тілге тиек етіп,   ең бастысы-балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығы екенін қадап айтты. Осыдан соң, тәрбиеші ұстаздар жылы лебіздерін білдіріп, балалардың демалысының қызықты  өтуіне тілектесігін білдірді. Гимназия әкімшілігі тарапынан тегін балмұздақ таратылды.  Түрлі-түсті шарлармен безендірілген алаңда балалар ән  салып, би биледі. Түрлі спорттық, ұлттық ойындарды ойнаған балалар үшін  жазғы демалыс басталып та кетті.  

 

 

Тақырыпқа орай:

         С.З. Нұртаева М.Мақатаев атындағы

№140 гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

        

Ең бастысы-баланың қауіпсіздігі

Биыл “Балдәурен” лагері оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың тұлғалық дамуына ықпал ететін көптеген жаңа жобалармен толығып отыр. Әрбір күннің өзіндік тақырыбы, дәйексөзі, мерекесі бар. Бұл – балалардың ойлау қабілетін, шығармашылығын, топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға арналған тың әдіс. Ата-аналар да лагерь жұмысына зор  сенім  білдіріп отыр. Өйткені, бұл – қоршаған ортаны танып-білу, достар табу, өз қабілеттерін ашу алаңы. Лагерьге қабылданған әрбір оқушының денсаулығы алдын ала тексеріледі. Күнделікті медициналық бақылау жүргізіледі, арнайы медицина қызметкері тұрақты түрде  жұмыс істейді. Тамақтану жүйесі де санитарлық нормаларға сай ұйымдастырылған. Балалар үнемі тәрбиешілер мен жетекшілердің бақылауында болады. Территорияда бейнебақылау орнатылған, кіру мен шығу арнайы журнал арқылы тіркеледі. Барлық топ жетекшілері мен қызметкерлер қауіпсіздік техникасы және алғашқы көмек көрсету бойынша нұсқаулықпен таныстырылған. Сонымен қатар, лагерь аумағында өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібі нақты жоспарланып, жаттығулар өткізіледі. Біз үшін әрбір баланың амандығы мен жайлы жағдайы – ең маңызды міндет. Сондықтан “Балдәурен” лагері - ата-ана үшін ең қажетті, ал бала үшін шаттық пен қызыққа толы  демалыс орыны.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
3
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:55

19:15

18:55

17:51

17:48

17:20

17:10

16:45

16:19

15:58

15:51

15:40

14:53

14:48

14:27

14:24

14:23

14:03

13:01

12:39

12:36

12:33

12:26

11:45

11:42