AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Балақай, бұзақылыққа еліктеме!

Балақай, бұзақылыққа еліктеме!

Әлеумет 11.10.2024, 12:52 1,364 Ернұр РЫСБАЙ
Балақай, бұзақылыққа еліктеме!
Сурет ЖИ көмегімен салынды

жастар арасында әлімжеттік өршіп тұр

 

Әр ата-ана баласын жақсы болсын деп тәрбиелейді. Қазақ халқы ертеден үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетеді. Алайда, қазіргі уақытта жастардың кішіге ізет емес, әлімжеттік көрсетуі көбейіп кетті. Бұл мектеп оқушылары арасындағы жиі кездесетін құбылыс. Баланың психологиясына ортасы немесе әлеуметтік желілер әсер етеді. Осы тақырыпты тарқату үшін мектеп психологымен сұхбаттастық.

Ақтолқын ӘШІРАЛИЕВА, №169 мектеп-лицейінің психологы:

Ата-ана баласымен жиі сөйлесуі керек

 Кез келген ата-ана баласымен ашық және жиі сөйлесіп отыруы қажет. Тек мектептегі үлгерімі жайлы ғана емес, қатарластарымен қарым-қатынасы қандай екенін білуі тиіс. Мектептегі буллинг нәтижесі жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, қазіргі таңда кибербуллинг құрбандары да көптеп кездеседі. Бұндай жағдайға тап болған оқушылар өз ортасынан алшақтай бастайды. Сондай-ақ, қорқынышпен өмір сүреді.

Бала мінезіне назар аударыңыз

Буллингтің құрбандарының мінезінде өзгеріс болады. Мінезі тұйықталып, мектепке барғысы келмейді. Өз ойын ашық айтудан қорқатын болады. Бұндай оқушыларды қайта ортасына қосу үшін көптеген жұмыстар жасалады. Соның ішінде жеке және топтық жұмыс. Баланың ата-анасымен және сынып жетекшісімен тығыз жұмыстар жүргізіледі. Осы арқылы бірте-бірте бала мінезі қалпына келе бастайды.

Агрессор мен мықтымын деген позицияны ұстанады

Бала бойындағы агрессия эмоционалдық тепе-теңдікке жету жолы. Сондай-ақ, агрессияға биологиялық факторлар (жүйке жүйесінің ерекшеліктері, тұқым қуалаушылық) әсер етеді. Оқушылар өз орталарында бір-бірлеріне әлімжеттік танытқанда балалар агрессияның жоғарғы шыңына шығады. Оларда мен мықтымын деген позиция тұрады. Мектеп жасындағы оқушыларда материалдық жағынан әлімжеттік жасау, яғни ақша талап ету жиі кездеседі. Осы жағдайда көп балалар ата-аналарына айтуға қорқады.

Тығырықтан шығу жолы

Буллингке ұшыраған балаға жан-жақты қолдау көрсету керек. Бұл жұмыс бір жақты ғана емес, әр тараптан бірігіп жүргізелетін жұмыс. Ата-аналар балаларымен жиі сөйлессе дейміз. Ондай жағдай орын алған кезде бірден арнайы мамандарға бару қажет. Бала өзін қауіпсіздікте сезінуі үшін барлығымыз жауаптымыз. Кез келген мәселенің шешімі бар екенін айтқым келеді.

Соңғы уақытта еліміз бойынша жасөспірімдерге қатысты қылмыс көбейіп кетті. Осы орайда балаларға қатысты заң бұзушылықтардың алдын алу маңызды екенін ескеру қажет. Бала тәрбиесі ұлы іс. Бір баланы тәрбиелеу арқылы біз ұлтты тәрбиелейміз. Отан – отбасыдан басталатынын естен шығармаған жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#буллинг #жастар #Тәрбие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Бүгін 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Бүгін 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Бүгін 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Бүгін 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);