ffin.kz

Балаңызға ие болыңыз!

Балаңызға ие болыңыз! Сурет: Almaty-akshamy.kz

Әйтпесе, айыппұл арқалайсыз!


Тіпті баланың әке-шешесі қылмыстық жауапқа тартылып, түрмеге қамалуы мүмкін жағдайлар да бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  


Кәмелетке толмаған құқықбұзушылар полиция бөлімшесіне түссе, олардың заңды өкілі айыппұл арқалайды.


Қазақстан заңы бойынша, бала – 18 жасқа, яғни кәмелетке толмаған адам. Ал кәмелет жасына жетпеген балаға оның заңды өкілі жауапты.



Баланың заңды өкілдері – ата-ана, бала асырап алушы, қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиелеуші және балаға қамқорлық жасау, білім, тәрбие беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да адамдар.



Кәмелетке толмағандар қай уақытта жалғыз жүре алмайды?


Балаға түнгі сағат 22.00-ден таңғы 06.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде ата-анасының қарауынсыз жүруге тыйым салынады. Баланың ойын-сауық мекемесінде ересек туысымен немесе кәмелетке толған досымен жүруі де заңсыз саналады.


Ойын-сауық мекемелеріне мыналар жатады:


ойын мекемелері;


түнгі клубтар;


кафе-барлар;


мейрамханалар;


интернет кафе;


компьютер клубтары;


бильярд бөлмелері;


боулинг клубтары мен кинотеатрлар;


театр және ойын-сауық нысандары және басқа ғимараттар;


көңіл көтеру, театр және ойын-сауық, спорттық, мәдени және демалыс қызметтері ұсынылатын үй-жайлар, құрылыстар.


Сондай-ақ заңды өкілі қасында болмаса, кәмелетке толмағандар көшеде түнгі 23.00-ден таңғы 06.00-ге дейін жүре алмайды.


Егер осы уақытта бала үйдің ауласындағы орындықта отырса, қоқыс төгуге шықса, үйдің дәл жанындағы дүкенге барса, полиция оны бөлімшеге әкетпейді. Тәртіп сақшылары ең алдымен баланың түнгі уақытта неге далада жүргенін сұрап, себебін білген соң, пәтеріне дейін ертіп апарады. Егер баланың әке-шешесін сол сәтте табу мүмкін болмаса, уақытша бөлімшеге жеткізеді.


Кәмелетке толмағандар түнде жүргені үшін кімге айыппұл салынады?


Бала түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде немесе көшеде жалғыз жүрсе, ата-анасына немесе заңды өкіліне:


ойын-сауық мекемелерінде жүргені үшін – 3 АЕК немесе 2023 жылы – 10 350 теңге айыппұл салынады;


көшеде жүргені үшін – алдымен ескерту жасалады.


Егер мұндай оқиға бір жыл ішінде қайталанса, әке-шешесі 7 АЕК (24 150 теңге) айыппұл арқалайды.



Бұдан бөлек, 18 жасқа толмаған балаларды түнде ересектерсіз ойын-сауық мекемесіне кіргізгені үшін кәсіпкерлер де әкімшілік жауапкершілікке тартылады.



Айыппұл мөлшері:


жеке тұлғаларға – 10 АЕК (34 500 теңге);


шағын кәсіпкерлер не коммерциялық емес ұйымдарға – 15 АЕК (51 750 теңге);


орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК (103 500 теңге);


ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК (172 500 теңге).


Егер мұндай фактілер бiр жыл iшiнде қайталанса, қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін уақытша тоқтата тұрып, екі есе көп айыппұл салынады:


жеке тұлғаларға – 20 АЕК (69 000 теңге);


шағын кәсіпкерлер не коммерциялық емес ұйымдарға – 30 АЕК (103 500 теңге);


орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК (172 500 теңге);


ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК (345 000 теңге).


Қылмыстық жауапкершілік


Өз міндеттерін орындамай, баланы қауіпті жағдайда жалғыз қалдырған ата-аналар қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін. Қылмыстық кодексте "Қауіпті жағдайда қалдыру" деп аталатын бап бар.


Өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген баланы көмексіз, қасақана жалғыз қалдырғаны үшін 100 АЕК (345 000 теңге) айыппұл не 45 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.



Егер баланың денсаулығына абайсызда ауыр немесе орташа ауыр зиян келсе, 2000 АЕК (6 900 000 теңге) айыппұл салынады немесе 2 жылға бас бостандығынан айырылады.



Егер көмексiз қалдырылған бала абайсызда қаза болса, 3 жылға сотталуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14