ffin.kz

Балаңызға депозитті онлайн режимінде аша аласыз

Балаңызға депозитті онлайн режимінде аша аласыз Өңірлік коммуникациялар қызметі

Отбасы банк салымшылары  мемлекеттің 138 000 теңге мөлшеріндегі ең жоғары сыйлықақысын ала алады


2023 жылдың қорытындысы бойынша жаңа немесе бұрыннан жинақ шоттарының иелері мемлекет тарапынан 20% көлемінде сыйлықақы алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласының «Отбасы банк» АҚ директоры Данагүл Түсіпова айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 


Спикер келтірген мәліметке сай, 2023 жылы Алматының 11 200 тұрғыны Отбасы банктің көмегімен қоныс тойын атап өтті. Тағы 24 500 қала тұрғыны депозиттер ашып, болашақта қолжетімді шарттар бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат жинай бастады.


Мемлекет сыйлықақысы 200 АЕК (2023 жылы 1 АЕК 3 450 теңгеге тең) немесе 690 000 теңгеден аспайтын сомаға есептеледі. Егер осы жыл ішінде Отбасы банктің депозит ұстаушысы осы қаражатты өз шотына жинаса немесе оларды бір мезгілде енгізсе, онда ол 2023 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары сыйлықақыны – 138 000 теңгені алады, ол үшін банк салымшылары өз депозиттерін 2023 жылдың 29 желтоқсанына дейін толықтырып үлгерулері керек.



«20 жыл бойы біз қазақстандықтарға үнемшілдікті үйретіп келеміз. Жинақтау мүмкіндігі 490 мыңнан астам қазақстандық отбасыға тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесті. Жақын арада қоныс тойын атап өту үшін тағы 2,6 млн қазақстандық ақша жинақтап жатыр. Бұл мәселеде оларға мемлекеттің көмектесетіні де маңызды. Сыйлықақы төлеуге арналған қаражат жыл сайын республикалық бюджетте көзделеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 1,9 млн қазақстандық 75 млрд теңге көлемінде мемлекет сыйлықақысын алды, - деп түсіндірді Отбасы банктің Алматы қалалық филиалының директоры Данагул Түсіпова.



Банктің жылдық 2% мөлшеріндегі сыйақысын және мемлекет сыйлықақысын ескергенде Отбасы банктегі депозиттер бойынша тиімді мөлшерлеме жылдық 14%-ға жетуі мүмкін.


Сонымен бірге, ол мемлекет сыйлықақысы бұрын көтермеленбеген жинақтарға ғана есептеледі. Яғни, жыл сайын ағымдағы жылы жасалған жинақтар мен өткен жылы көтермеленбеген жинақтардың қалдығы есепке алынады.Егер бір салымшының банкте бірнеше депозиті болса, онда мемлекеттің сыйлықақысы олардың біреуіне ғана есептеледі. Егер Отбасы банктің салымшысы өз жинақ ақшасын алып қоюға шешім қабылдаса және үш жылдан аз мерзім бойы жинақтаған депозитін жапса, онда мемлекеттің есептелген сыйлықақысы бюджетке қайтарылады.



«Отбасы банктің «Отбасылық пакеті» шеңберінде өз кірісіңді ұлғайтуға болады. Ол үшін Сіз отбасының бірнеше мүшесіне депозит ашуыңыз керек, сонда сыйлықақы әр салымға есептеледі. Мысалы, егер отбасы айына белгілі бір соманы үнемдеуді жоспарлаған болса, онда отбасы оны «Отбасылық пакет» шеңберінде бірнеше салым арасында бөлу арқылы әр салым үшін мемлекет сыйлықақысын алатын мүмкіндікке ие болады. Содан кейін қажетті соманың жинақталуы тезірек болады», - деп бөлісті Д.Түсіпова.



Банк салымшысы жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін бір отбасының барлық шоттарын біріктіріп, қарыз алуға болады. Бүгінгі таңда қазақстандықтар үшін ең қолжетімді қарыз түрі – тұрғын үй қарызы. Мұндай қарыз шотта кемінде 3 жыл мерзім ішінде тұрғын үй құнының кемінде 50%-ы жинақталған жағдайда беріледі. Қалған соманың 50%-ын клиент жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейінгі мөлшерлеме (ЖТСМ 3,6%-дан бастап) бойынша алады.



 «Отбасы банкте балаларға Отбасы банктің дәстүрлі депозитінің көмегімен немесе «Арнау» депозитін пайдалана отырып ақша жинақтауға болады. Оның талаптары бойынша кем дегенде 10 жыл ішінде тұрғын үй құнының 50%-ын жинақтау қажет. Депозитке жинақтау кезінде банктің сыйақысы мен мемлекеттің сыйлықақысы да есептеледі. Бұл ретте жинақтау мерзімі өткеннен кейін қарыз бойынша мөлшерлеме жылдық 2%-ды (ЖТСМ 2%-дан бастап) ғана құрайды. Стандартты депозит шеңберінде қарыз бойынша ең төменгі мөлшерлеме 3,5%-ды (ЖТСМ 3,6%-дан бастап) құрайды», - деп жалғастырды ӨКҚ спикері. 



Енді өз балаңызға депозитті онлайн режимінде аша аласыз. Жаңа қызмет otbasybank.kz порталында қолжетімді. Депозитті 0 жастан 14 жасқа дейінгі балаға онлайн ашуға болады. 14 жастан бастап депозитті баланың өзі ата-анасының немесе басқа заңды өкілдерінің (мысалы, қамқоршылардың) келісімімен банк бөлімшесінде ашады.


Жинақ жетіспейтін сомаға өте қолжетімді шарттармен заем алуға мүмкіндік береді. Біздің қолдауымыздың арқасында күн сайын орта есеппен 235 бақытты отбасы қоныс тойын атап өтеді. Биылғы жылы Отбасы банк көмегімен өзінің тұрғын үй мәселесін 62 298 қазақстандық шешті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32