AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Балалардың терезеден құлауы сияқты жазатайым оқиға...

Балалардың терезеден құлауы сияқты жазатайым оқиғалар көбейген

Әлеумет 04.07.2023, 04:45 1,118
Балалардың терезеден құлауы сияқты жазатайым оқиғалар көбейген
Сурет: Zakon.kz

Бір апта ішінде ел өңірлерінде 8 бала терезеден құлап кеткен.


Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, балалардың биіктіктен құлау жағдайлары ата-ананың қадағаламауынан болады.



«Статистика көрсеткендей, жыл сайын күн жылына бастағаннан кейін балалардың терезеден құлауы сияқты жазатайым оқиғалардың артуы байқалады. Бұл жағдайда ең үлкен қауіп – терезелерге орнатылған москит торлары.


Өткен аптада ғана елімізде 8 жағдай болды, оның ішінде Астана қаласында үш жасар сәби 17-қабаттан құлап, қаза болды.


Терезеден құлаған кезде балалар ұзақ мерзімді емдеу мен қалпына келтіруді қажет ететін ауыр жарақат алатынын атап өткіміз келеді. Ал кейбір жағдайларда бала мүгедек болып қалады, көбінесе оқиға орнында немесе ауруханаға барар жолда көз жұмады», - деп ескертті министрліктен.



Жазатайым оқиғалардың алдын алу жолдары:


- бала терезені өз бетінше ашуына мүмкіндік бермейтіндей бұғаттауыштар орнату;


- терезенің жанына жиһаз қоймаңыз;


- терезеде тиісті қорғау құралдары орнатылмаса, москит торларын қоймаңыз (бала москит торына сүйеніп, құлап кетеді, ол баланың салмағына есептелмеген);


- баланы ересектердің қарауынсыз, терезелері ашық жерде, сондай-ақ оларды өздері аша алатын жерде қалдырмаңыз;


- балаларға ашық терезенің қауіпті екенін түсіндіріңіз, москит торға сүйенуге болмайтынын ескертіңіз;


- балалар терезенің жанында тұрып, оған көтерілуге тырысқанда, қауіп туралы үнемі еске салу керек.


Осы қарапайым ережелерді сақтай отырып, баланың өмірін сақтауға болады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#төтенше жағдай #балалар #қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Домбыраға тіл тигізген ақтөбелік сотталды

Бүгін 18:27

Алматыда қайта өңделген пластиктен жасалған орындықтар аллеясы ашылды

Бүгін 18:16

Қуыршақ театры Халықаралық Шекспир фестивалінде алғаш рет қазақ тіліндегі спектакль ұсынды

Бүгін 17:04

Алматы Оқушылар сарайының жас өнерпаздары «Бозторғай» гала-концертінде өз өнерлерін паш етті

Бүгін 17:02

5 маусымда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі.

Бүгін 16:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);