ffin.kz

Балалардың жиі кіретін мобильді қосымшалар анықталды

Балалардың жиі кіретін мобильді қосымшалар анықталды Сурет: ашық дереккөз

Қазақстандық балалардың жиі кіретін қосымшаларының топ-10-ға Roblox, Brawl Stars және Standoff ойын қосымшалары, Chrome браузері, Telegram мессенджері, Instagram әлеуметтік желісі және YouTube Kids кірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  



«Касперский зертханасы» 2022 жылдың мамырынан бастап 2023 жылдың сәуірін қоса алғанда, Қазақстанда балалар қандай мобильді қосымшаларда көп уақыт өткізетініне талдау жасады. Бірінші орын YouTube-ке тиесілі болды. Оның үлесі ең танымал он қолданбада өткізген барлық уақыттың үштен бірін алып отыр. Екінші және үшінші орындарда WhatsApp (19%) пен TikTok (18%) орналасты. Қазақстандық көшбасшылар үштігі жалпы әлемдегі тенденциямен сәйкес келеді, деп жазады BAQ.KZ.

Сондай-ақ қазақстандық топ-10-ға Roblox (9%), Brawl Stars (3%) және Standoff (2%) ойын қосымшалары, Chrome браузері (6%), Telegram мессенджері (4%), Instagram әлеуметтік желісі (3,5%) және YouTube Kids (3%) кірді.


Сонымен қатар «Касперский зертханасы» қазақстандық балалардың iOS және Android жүйелеріндегі мобильді құрылғылардан қандай сайттарға кіргенін талдап, олардың ең қызығатыны мультимедиялық ойын-сауықтар екенін анықтады. Компанияның аноним** жүргізілген статистикасына сәйкес, олардың үлесі барлық ресурстың жартысына тең болған. Ең көп таралуы бойынша интернет-коммуникация құралдары екінші орында, олардың үлесі 27%. Үшінші орында ойындар екен: олардың үлесі шамамен 8%-ға тең.


Жұмыс үстелдері мен ноутбуктерден ең көп кіретін ресурстардың түріне келетін болсақ, бірінші орында интернет-коммуникация құралдары (38%), екінші орында мультимедиялық ойын-сауық (35%), ал үшінші орында - жаңалық ресурстары (7%) болды.


Жалпы әлемдік іздеу статистикасы көрсетіп отырғандай, балалар көбінесе YouTube-тен ойын-сауыққа, челлендждерге және лайфстайл видеоларына қатысты блогерлердің аттарын немесе арна атауларын іздейді (19%). Екінші орында — мультфильмдер, сериалдар және аниме (17%), үшінші орында — музыкалық орындаушылар мен ойын блогерлері (15%-дан астам). Мультфильмдердің көшін бастап келе жатқаны — «Леди Баг и Супер-Кот», фильмдерден — «Братья Супер Марио в кино», «Чёрная пантера: Ваканда навеки», «Рок дог 3: Битва за бит».



Балалар мобильді құрылғылардан видеоойындар ойнайтынын көріп отырмыз, бірақ олар бірнеше жыл бұрын бұл үшін компьютерлерді таңдайтын. Сонымен қатар біздің статистика бойынша интернет - олар үшін негізгі мүмкіндіктерінің бірі байланыс болып қала беретінін растап отыр. Балаларды қорғау күні үндеу жасағымыз келеді: желіде сөйлескен кезде абай болу, тым көп жеке ақпаратты жарияламау және өз логиндері мен құпиясөздерін ешкімге бермеуді үнемі ескертіп отырыңыз, — деп түсіндірді «Касперский Зертханасының» директоры Валерий Зубанов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04