AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Балалардың әл-ауқат индексі өсті

Балалардың әл-ауқат индексі өсті

Әлеумет 04.09.2025, 10:07 583 yakiya
Балалардың әл-ауқат индексі өсті
Алматы қаласы Білім басқармасы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, еліміздегі балалардың әл-ауқат индексінің тұрақты өсімі тіркелді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Республикалық орташа мән 2,5 пунктке өсіп, 2023 жылғы 56,1 балмен салыстырғанда 58,6 балды құрады. 

Сегіз өңір орташа көрсеткіштен асып түсті – 59,4-тен 64,6 балға дейін. Көшбасшы – Ақтөбе облысы, нәтижесі 64,6 балл, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,6 пунктке жоғары. Жоғары деңгейін Павлодар облысы да сақтап отыр – 63,3 балл. Айтарлықтай өсім Алматы қаласында (+6,9) және Қостанай облысында (+6,4) байқалды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылдан бастап Қазақстанда Балалар әл-ауқаты индексі енгізілді. Ол өңірлер арасындағы және халықаралық көрсеткіштермен салыстыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ мемлекеттің және қоғамның назарын балалық шақ мәселелеріне аударады", – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Индекс төрт бағыт бойынша 56 индикаторды қамтиды:

"Бала";
"Отбасы және қоғам";
"Мемлекеттік саясат";
"Елдің әл-ауқаты".

"Ол 35 статистикалық және 21 сауалнамалық көрсеткіш негізінде қалыптасады, олар баланың денсаулығы мен дамуын, отбасылық және әлеуметтік ортаны, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, экология және инфрақұрылым салаларындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін қамтиды", – делінген хабарламада.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #индикатор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);