AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға...

Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

Әлеумет 12.12.2025, 14:26 404
Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді
Сурет: Gov.kz

Астанадағы International Steppe School мектебінде жаңа, интерактивті форматта ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыстың басты тақырыбы - балалар мен жастарды есірткіден қорғау болды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Жиналыс ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті мен Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірлескен жұмысы аясында ұйымдастырылды. Бұл жиында ресми баяндаманың орнына ашық диалог болды, құрғақ статистика орнына нақты мысалдар келтірілді.

Сонымен қатар ата-аналар мен жасөспірімдерге төніп тұрған нақты қауіптер туралы ашық әңгіме өрбіді.

Жиналыс барысында мамандар төмендегілерді егжей-тегжейлі түсіндірді:

Кәмелетке толмағандарды заңсыз есірткі айналымына тартудың қазіргі әдістері;

Есірткі қолданудың сыртқы және мінез-құлыққа тән белгілері;

Ата-аналарға дер кезінде балаларға көмек көрсетудің маңызы.

Жиналыста ата-аналарды "тест әр үйге" профилактикалық форматы ерекше қызықтырды. Оларға бұл тексеруді өз бетімен, жылдам және қолжетімді түрде жүргізуге болатыны тәжірибе жүзінде көрсетілді.

 Бұл құрал профилактиканың негізі — отбасынан басталатынын айқын көрсетті. Негізгі бөлімнен кейін зал бірден тарамады. Ата-аналар белсенді сұрақ қойып, жеке бақылаулары мен қиын жағдайларды талқылады, сонымен қатар профилактикалық жұмысты күшейтуге өз ұсыныстарын айтты.

Тиімді профилактика — қорқыту немесе формалды есеп емес. Бұл — сенім, ақпараттандыру және ортақ жауапкершілік. ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті осындай форматтарды әрі қарай да дамытуды жоспарлап отыр. Жиналыстар тек елордада емес, еліміздің барлық өңірінде өткізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар #есірткіден қорғау #Steppe School
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге артады

Кеше 19:52

Сыр өңірінің балалары Алматы чемпионатында топ жарды

Кеше 17:55

Референдум-2026: ТМД миссиясы дауыс берудің ашықтығы мен айқындығын растады

Кеше 17:40

Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды

Кеше 17:36

Қырғызстан ОСК төрағасы референдумның жоғары деңгейде өткенін дайындалғанын айтты

Кеше 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика