AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Республика күні қарсаңында жастар арасынд...

Алматыда Республика күні қарсаңында жастар арасындағы кітап оқу чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

Алматы Бүгін 12:56 47
Алматыда Республика күні қарсаңында жастар арасындағы кітап оқу чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

Алматыда «Кітап оқитын ұлт» жалпыұлттық марафоны аясында ұйымдастырылған жастар арасындағы кітап оқу чемпионаты қорытындыланды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жобаға 200-ден астам адам қатысып, әлеуметтік желілерде әдеби шығармаларға арналған 100-ден астам бейнерецензия жарияланды. Үздік деп танылған алты қатысушы ақшалай сыйлықтарға ие болды. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері хабарлады.

Марапаттау рәсімі Республика күні қарсаңында Satbayev University қабырғасында өтті. Байқауды қалалық Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Skill All жобалық кеңсесі ұйымдастырды.

Қатысушыларға төрт кітаптың бірін оқып шығу ұсынылды. Олар: Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі», Олжас Сүлейменовтің «АЗ и Я», Мари Фавероның «Алтын Орда. Дала империясы әлемді қалай өзгертті» немесе Арман Әлменбеттің «Тергеуші» шығармалары.

Байқау шарты бойынша қатысушылар ұзақтығы бір минуттан үш минутқа дейінгі бейнерецензия дайындауға тиіс. Жастардан шығарманың мазмұнын жай баяндау емес, оны талдау, автордың негізгі ойын түсіндіру және тұжырымын бөлісу талап етілді.

Қазылар алқасы жұмыстарды бағалау кезінде шығарманың мазмұнын түсіну деңгейіне, дәлелдің негізділігіне, ой-пікірдің дербестігіне, баяндаудың қисындылығы мен анықтығына назар аударды. Бейнетүсірілім сапасы негізгі бағалау өлшемі болған жоқ.

Чемпионат қорытындысы бойынша алты жүлдегер анықталды. Марапаттау рәсімінде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мирас Нысанәлиев кітап оқуды насихаттау Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған міндеттердің бірі екенін жеткізді. Оның айтуынша, мұндай жобалар білімге, жауапкершілік және дербес ойлау қағидаттарына негізделген «Адал азамат» тұжырымдамасының ұстанымдарымен де үндеседі.

«Кітап оқитын ұрпақ – ойлы ұрпақ. Ал ойлы ұрпақ – ел болашағын қалыптастыратын басты күш. Бүгін қатысушылар ақпаратты жай ғана қабылдап қоймай, оны талдай алатынын, пікір білдіріп, ұстанымын дәлелдей білетінін көрсетті. Дәл осындай жастар Қазақстанның зияткерлік дамуының негізіне айналады», – деді Мирас Нысанәлиев.

Сондай-ақ ол мұндай бастамалардың маңызына тоқталып, ел тарихын білудің, ана тіліне құрметпен қараудың және білімге ұмтылудың ерекше мәнге ие екенін айтты.

769 мыңнан астам жас тұратын және 36 жоғары оқу орны жұмыс істейтін Алматыда білім беру жобаларын қолдау жастар саясатының маңызды бағыттарының бірі болып қала береді. Қала әкімі Дархан Сатыбалды айқындаған басымдықтардың қатарында білім беру сапасын арттыру және жас ұрпақтың қабілетін ашуға қолайлы жағдай жасау міндеттері бар.

Марапаттау рәсіміне Satbayev University, білім беру ұйымдарының, қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да кітап оқуды насихаттауға бағытталған іс-шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр. Олардың пікірінше, бейнерецензия форматы қатысушылардың әдеби шығармаларды қаншалықты түсінгенін бағалауға ғана емес, сонымен қатар көзқарасын көпшілік алдында білдіріп, оны дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Республика күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Қазақстан халқына» Теміртауда балабақша салып жатыр

Бүгін 13:53

NVIDIA негізін қалаушы әрі бас директоры алғаш рет Астанада: Дженсен Хуанг Қазақстанның жасанды интеллект экосистемасымен танысты

Бүгін 13:49

Жолдағы жаңа есім: Qajet-ке қандай қолдау қажет?  

Бүгін 13:02

Алматы тұрғындары Republic Day акциясы аясында мерекелік жеңілдіктерді пайдалануда

Бүгін 12:53

Қазақстанда бөлшек және көтерме сауда көлемі өсті

Бүгін 12:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);