AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы тұрғындары Republic Day акциясы аясында мер...

Алматы тұрғындары Republic Day акциясы аясында мерекелік жеңілдіктерді пайдалануда

Әлеумет Бүгін 12:53 45
Алматы тұрғындары Republic Day акциясы аясында мерекелік жеңілдіктерді пайдалануда

Алматыда тұрғындар Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары аясындағы арнайы ұсыныстарды белсенді пайдалануда, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларды, соның ішінде киім-кешек пен үйге қажетті заттарды жеңілдетілген бағамен сатып алып, маусымаралық сауда жасауға мүмкіндік алуда.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Сауда бөлімінің бас маманы Елнұр Нұрпеисовтің айтуынша, бұл акциялар тұрғындарға тиімді сауда жасауға мүмкіндік беріп қана қоймай, ішкі сауданы дамытуға да ықпал етеді.

«Республикалық акциялар аясында сауда нысандары сатып алушыларға түрлі тауарларды төмендетілген бағамен ұсынып отыр. Әсіресе маусым ауысатын кезеңде мұндай ұсыныстарға сұраныс артады. Өйткені тұрғындар гардеробын жаңартып, үйге қажетті заттарды сатып алады. Бұл – сатып алушылар үшін отбасылық бюджетті үнемдеуге, ал бизнес өкілдері үшін тұтынушылық сұранысты қолдауға мүмкіндік», – деді Елнұр Нұрпеисов.

Мерекелік жеңілдіктердің ең қызу кезеңі 23–27 қазан аралығына сәйкес келеді. Осы күндері арнайы ұсыныстар мен жеңілдіктердің басым бөлігі ұсынылады. Акциялар 2026 жылғы 27 қазанды қоса алғанға дейін жалғасады.

Жалпыреспубликалық науқанның бастамашылары – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар. Іс-шаралар халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға, тұтынушылық сұранысты қолдауға және ішкі сауданы дамытуға бағытталған. Сонымен қатар отандық өндірушілердің өнімдерін ілгерілетуге ерекше назар аударылады.

Алматы қаласындағы Republic Day және Bereke Fest акцияларына қатысатын сауда нысандарының тізімімен ресми сайтта танысуға болады:

https://www.gov.kz/org/almaty/press/events/details/49370?lang=ru

Осылайша, мерекелік жеңілдіктер қала тұрғындарына жаңа маусымға қажетті тауарларды тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берсе, сауда кәсіпорындары үшін сатып алушыларды тартуға және тұтыну нарығындағы белсенділікті арттыруға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Республика күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Қазақстан халқына» Теміртауда балабақша салып жатыр

Бүгін 13:53

NVIDIA негізін қалаушы әрі бас директоры алғаш рет Астанада: Дженсен Хуанг Қазақстанның жасанды интеллект экосистемасымен танысты

Бүгін 13:49

Жолдағы жаңа есім: Qajet-ке қандай қолдау қажет?  

Бүгін 13:02

Алматыда Республика күні қарсаңында жастар арасындағы кітап оқу чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін 12:56

Қазақстанда бөлшек және көтерме сауда көлемі өсті

Бүгін 12:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);