ffin.kz

Балалар ұшақпен тегін ұшады: бағдарламаның талаптары қандай?

Балалар ұшақпен тегін ұшады: бағдарламаның талаптары қандай? Сурет: Qazaqstan.kz

Биылдан бастап ел ішінде саяхаттайтын қазақстандықтарға тиімді жеңілдік берілді. Балалар ұшақпен тегін ұша алады. Шығынды мемлекет өтейді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – ішкі туризмді дамыту.Almaty.tv жазғы уақытта жоғары сұранысқа ие болатын Kids go free бағдарламасының негізгі шарттарын ұсынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Тегін ұшатын бала 2-17 жаста болу керек


Бағдарлама биыл 1 қаңтардан бастап іске қосылды. Оған сәйкес, кәмелет жасқа толмаған балаларды ұшақпен тегін тасымалдау міндеті енгізіліп отыр. Ол үшін Қазақстандағы ресми туроператордан ел ішінде демалуға арналған туристік пакет сатып алу қажет.


Kids go free-дің негізгі талаптарына сәйкес, тегін ұшатын бала 2-17 жас аралығында және Қазақстан азаматы болуы шарт. Кәмелет жасқа толмаған жолаушының қасында ата-анасы немесе жақын туыстары (атасы/әжесі, ағасы/апасы) жүруге тиіс.


Республика бойынша кез келген жерге ұшып баруға болады. Туроператор өз ақшасына балалардың әуе билетін сатып алады, артынан компанияның шығыны мемлекет тарапынан өтеледі.


Бағдарламаға қатысу үшін құжат тапсырудың қажеті жоқ. Тәртібі:


ел ішінде демалысты жоспарлап, нақты баратын жерді анықтау;


сол жерде демалысты ұйымдастыра алатын туристік компанияға барып, туристік пакетті жасау;


балалардың әуе билеттерін шегеріп, туристік пакетті төлеу;


саяхатқа шығу;


демалыстан кейін туристік компанияға ұшақта берілген жолаушылар талонын ұсыну.


Қазіргі кезде 19 туристік компания Kids go free бағдарламасына қосылды. Олар балалар билетінің ақшасын "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясынан алады.


Жыл басынан бері қанша бала тегін ұшты?


Ресми мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін 153 өтініш бойынша 14,1 миллиона теңге көлемінде төлем жасалды. Осылайша, 307 бала отбасымен бірге демалатын жерге тегін ұшып барды.


Бүгінде Kids go free бағдарламасы бойынша Түркістанға ұшатын отбасылар көп. Одан кейінгі орында Алматы және Маңғыстау тұр. Бағдарлама аясында сатып алынатын туристік пакеттің орташа бағасы - 320 мың теңге. Ең арзан тур Алматы қаласына 82 мың теңгеге сатылды. Ал ең қымбат тур Ақтау қаласына жасалды. Бағасы - 1,2 миллион теңге. Барлық тур бойынша балалар демалатын жерге ұшақпен тегін барып келді.


"Бір отбасы жеті баламен ұшқан. Сол Алматыға ұшқан бір отбасының өтемақысы 369,8 мың тегеге дейін жеткен. Бұл – ең ірі сома. Негізі бір өтініш аясында туристік операторларға шамамен 107 мың теңге төленіп тұрады. Сонда бір балаға 50-55 мың теңгенің субсидиясы төленеді", - дейді компания мамандары.


Aviata да Kids go free бағдарламасына қосылды. Компания туроператорларға балалардың әуе билеттерін 45 күнге бөліп төлеуге мүмкіндік беріп отыр.


Ал Global Nomads әрбір турға сыйақы сертификатын қосып беруге мүдделі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02