конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

Алматы Бүгін 17:38 22
Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

Алматыда жаңа оқу жылы қарсаңында мектептер мен балалар мекемелерінің қауіпсіздігі тексеріліп жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қалалық Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық мониторинг тобы Қоғамдық кеңес пен қоғамдық ұйымдар өкілдерімен бірге қаладағы нысандардың жаңа оқу жылына дайындығын тексеруде.

Ауқымды жұмыстың басты мақсаты – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғап, білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына жан-жақты дайындығын қамтамасыз ету және әрбір бала үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру.

Бұл жолғы мониторинг тек қажет құжаттар мен жабдықтардың бар-жоғын формалды түрде тексерумен шектелмейді. Мамандар білім беру ұйымдарының нақты жұмысқа дайындығына, қолжетімділігіне және қауіпсіздік жүйелерінің іс жүзінде қалай жұмыс істейтініне жан-жақты баға беруде. Осы мақсатта Алматының әр ауданында арнайы сегіз мониторинг тобы құрылып, жұмысқа кірісті.

Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Жанат Айтпаева мониторинг барысында кешенді қауіпсіздік мәселесіне ерекше басымдық берілетінін жеткізді.

– Басты міндетіміз – жаңа оқу жылы қарсаңында әрбір баланың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмейтін қауіпсіз орта қалыптастыру. Мониторинг барысында барлық қауіпсіздік жүйесінің нақты жағдайда қалай жұмыс істейтінін зерделенді. Айталық, бейнебақылау камераларының жазбалары архивте сақталу мерзімі кемінде 30 тәулік болуы, дабыл түймелерінің жедел әрекет етуі, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы бақылауға алынған. Сонымен қатар спорт және ойын алаңдарындағы футбол қақпалары мен турниктер секілді конструкциялардың беріктігі мен талапқа сай бекітілуіне де ерекше назар аударылуда, – деді басқарма басшысы.

Мониторинг барысында білім беру ұйымдарының антитеррористік қорғаныс жүйесі де жан-жақты тексерілуде. Атап айтқанда, бейнебақылау камераларының соқыр аймақтарсыз жұмыс істеуі, күзет қызметкерлерінің төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету алгоритмі зерделенеді. Сондай-ақ мектеп аумағы мен инфрақұрылымының қауіпсіздігіне басымдық берілген. Электр қауіпсіздігінің сақталуы, люктердің жабық болуы, оқушылардың мектепке келіп-кету бағыттарының қауіпсіздігі бақылауға алынған.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жасалған жағдайлар да назарға алынды. Мониторинг топтары пандустардың, тұтқалардың және қолжетімді эвакуация жолдарының талапқа сәйкестігін тексеруде.

Бұдан бөлек, балалардың қиын жағдайда жасырын түрде көмек алуына мүмкіндік беретін «QR-111» ақпараттық тақтайшаларының бекітілген дизайн-макеттеріне сәйкес орналастырылуы да зерделеніп жатыр.

Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған барлық кемшілік тіркеліп, жауапты тұлғаларға оларды жедел жою жөнінде нақты ұсынымдар берілуде. Қаладағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бұл жұмыс алдағы уақытта да ерекше бақылауда болып, жүйелі түрде жалғасады.

Жаңа оқу жылы қарсаңындағы мұндай кешенді тексерулердің басты мақсаты – әрбір баланың мектепте өзін қауіпсіз сезінуіне жағдай жасау. Өйткені сапалы білім берудің де, баланың жан-жақты дамуының да ең басты алғышарты – қауіпсіз орта.

Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы

Байланысу үшін телефон: 87073240176

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шерзод Давлатов Grand Slam турнирінің жартылай финалына шықты

Бүгін 18:39

Тұңғыш әлем чемпионы: қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева тарихи жеңісіне баға берді

Бүгін 18:34

Бір апта ішінде Қазақстанда алма, қырыққабат және картоп бағасы төмендеді

Бүгін 18:15

Алматының Қайрат шағынауданында су бұру желілерін тарту жұмыстары басталады

Бүгін 17:55

Жүйелі қолдау әр балаға бірдей жетуі керек

Бүгін 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);