AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Балалар колониясында Халықаралық Нельсон Мандела к...

Балалар колониясында Халықаралық Нельсон Мандела күні аталып өтті

Барлығы 18.07.2025, 13:46 782 Нұржамал ӘЛІШ
Балалар колониясында Халықаралық Нельсон Мандела күні аталып өтті
Сурет: Алматы қаласының Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Алматы қаласының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемеде жазасын өтеуші жасөспірімдерге Халықаралық Нельсон Мандела күніне орай, «Азаптауларға және басқа да қатыгездікке, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы Конвенция» жайында дәріс өтті.

Дәрісті Алматы қаласы Әділет депратаментің ресми өкілі Шынар Әзілбек және осы органның бас маманы Санат Нарымбаев  жүргізді. Ал суретші Абдурахман Мұхтарұлы сурет салуға бейімі бар жазалы жасөспірімдерге сурет салудан шеберлік сабағын өткізді.

Дәрісте сотты болып, жазасаын өтеп жатқан жастарға Халықаралық Нельсон Мандела күнінің мән-мағынасы түсіндірілді.  Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы 2009 жылдың қарашасында бекіткен және жыл сайын 18 шілдеде Оңтүстік Африкадағы апартеидке (нәсілдік кемсітушілік) қарсы ең танымал күрескерлердің бірінің туған күнінде атап өтіледі. 

– Балалар бұл күні сурет салып қана қоймай, өздері әрлеген қабырға газетіне арман-мақсатын, тілегін жазды. Әрине, түзеу мекемесінде отырған жасөспірімдердің бостандыққа шықсам, отбасыммен қауышсам, адам болсам деген тілегі орындалсын дейміз. Мұндай іс-шаралар оларды түзу жолға шақырады. Сондай-ақ, өз құқығын білуді үйретеді. Қатыгез болмауға, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын әрекеттерден аулақ болуға үндейді, – дейді САӘПТЖБ бастығының міндетін уақытша атқарушы әділет капитаны Шолпан Жарылқасова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #балалар колониясы #Нелсон Мандела күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың автонесиеге қызығушылығы төмендеді

Бүгін 12:15

Алматы Euronews эфирінде: халықаралық аудиторияға шаһардың туристік келбеті таныстырылды

Бүгін 12:12

Алматы GITF 2026 көрмесінде үздік мәдени туристік бағыт атанды

Бүгін 11:31

Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында ЛОР-хирургияның жаңа бағыты іске қосылды

Бүгін 11:28

Салық қарызы бар азаматтар шетелге шыға алмайды

Бүгін 11:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);