Балалар колониясында да бүгін мереке

Балалар колониясында да бүгін мереке Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласындағы балалар колониясында 1 маусым - Халықаралық  балаларды қорғау күні жыл сайын салтанатпен аталып өтілетін жарқын мереке

Бұл - еліміздегі аяғын жаза басып, сотты болған жасөспірімдер тәрбиеленетін жалғыз мекеме. Қазіргі күні 49 бала жазасын өтеуде. Солардың ішінде аса ауыр қылмыс жасағаны - 34, ауыр қылмыс - 14, ауырлығы төмен қылмыс - 1.
Колония өкілдері ұйымдастырған мерекеге, яғни “Ашық есік күніне” жердің шалғайлығына қарамай әр тараптан балаларын құшағына алуға алып-ұшып жеткен ата-аналар мен жақындары қуанышты бүгін.
Салтанатты іс-шараға   Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасарлары қатысып, сөз сөйледі. Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алматы әуендерінің» өнерпаздары ән-жырдан шашу шашты.
Жамбыл атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мәдени іс-шара ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлері де атсалысты. Домбырашы Ахмадиев Айбын, әнші Ахан Еркебұлан да балалар мен ата-аналарға мерекелік көңіл күй сыйлады.

“Біз балалар мен олардың ата-аналары үшін жылда осындай мереке ұйымдастырамыз. Үйін сағынып жүрген балалар да бір жасап қалады. Біз оларды қандай жағдайда да адамгершілік, мейірім, қайырым сынды адами қасиеттерден айырылмауға шақырып отырамыз”, - дейді мекеме бастығы әділет подполковнигі Мирас Толубаев.

“Ашық есік күні” колония ұжымы Алматы Орталық мешіті “Зекет” қайырымдылық қорының қолдауымен жазалы жасөспірімдерге  меркелік дастархан жайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:45

16:35

16:20

16:08

16:07

15:44

15:31

15:19

15:02

15:00

14:44

14:30

14:16

14:10

12:28

12:19

12:05

11:47

11:34

11:18

11:05

10:54

10:44

10:32

10:22