AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Балалар жатқан палатаға Аяз ата терезеден түсіп та...

Балалар жатқан палатаға Аяз ата терезеден түсіп таң қалдырды

Әлеумет 30.12.2023, 08:04 1,229
Балалар жатқан палатаға Аяз ата терезеден түсіп таң қалдырды
gov.kz

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары, «Киров» әскери-патриоттық клубы және полковник Борис Керімбаев атындағы № 95 жалпы білім беретін мектептің тәрбиеленушілері Алматы қаласының 2-ші қалалық балалар ауруханасында болып, балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.


Болашақ офицерлер мен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері төрт бөлімшені аралап, жүзден астам балаға қуаныш сыйлады. Олардың мерекелік іс-шараны ұйымдастыруға шығармашылықпен келгені байқалып тұрды. Балалар жатқан палатаға альпинист Аяз ата терезеден түсіп таң қалдырды. Аяз атаның рөлін бес жыл альпинизммен айналысқан «Киров» әскери-патриоттық клубының түлегі Мұхит Тұрдықұлов ойнады.




– Жаңа жыл қарсаңында балалар ауруханасына бару институт басшылығы мен курсанттар үшін қалыптасқан дәстүр деуге болады. Біз балалардың көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, өзіміз де демалып қалдық. Бұл қуаныш олардың тез сауығып кетуіне сеп болады деп үміттенеміз, – дейді курсант Нұрбек Бердіш.



Акция денсаулығына байланысты Жаңа жылды ауруханада қарсы алуға мәжбүр болған балалар үшін ғажайып оқиға болды. Балалармен бірге ата-аналар да, медицина қызметкерлері де қуанып қалды. Қайырымдылық акциясын ұйымдастырушылар әр баланың тезірек сауығып кетуін тілеп, Жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті. Құттықтауларды қуана қабылдаған балалар да  ән айтып, өлең оқып берді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жаңажыл #балалар #аязата
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37

Рабиға Сыздық көшесінің бір бөлігінде қозғалыс 2,5 айға шектеледі

Бүгін 17:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);