AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Балалар ағаларына алғыс айтады

Балалар ағаларына алғыс айтады

Әлеумет 05.09.2025, 10:38 882 Рафик Якубұлы Мирзоев, «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығы басқарма кеңесінің төрағасы
Балалар ағаларына алғыс айтады
aqshamnews.kz

Күз келіп кезекті оқу маусымы басталды. Барлық өңірлерде Білім күні мерекесін атап өтіп жатыр. Осы орайда мен барлық сүйкімді бүлдіршіндерімізді шын жүректен білім күнімен құттықтаймын! Осы қуанышты сәтпен бірге Ассамблеясының «Жомарт жан» жобасы мен «Мектепке жол» акциясы аясында Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» ассоциациясы атқарған бірқатар игі істер жайлы қысқаша бөлісуді жөн көрдім.

Алғашқы шара 17 шілде күні Жамбыл облысының Қаратау ауданына қарасты Қасқабұлақ ауылында өтті. Балаларға арнап концерт ұйымдастырылып, мектеп сөмкелері мен керек-жарақтар сыйға таратылды.

Осы игі бастама Жамбыл облысының Гродеково мен Жас Өркен ауылдарында және Тараз қаласында жалғасты.

Айрықша атап өткім келетіні – Шу қаласына сөмке мен кеңсе тауарларын жеткізіп, балаларға тарату ісін өзім тікелей ұйымдастырдым.

26 тамыз күні Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» ассоциациясы мен Республикалық Достық үйі бірлесіп «Мектепке жол» акциясын өткізді. Шара барысында балаларға сыйлықтар беріліп, арнайы дастарқан жайылды.

Алматы облысында да бұл дәстүр жалғасын тауып Есік қаласы мен Боралдай, Бесағаш, Қарабұлақ, Түймебаев ауылдарында бүлдіршіндерге оқу құралдары тарту етілді.

Алматы қаласында бұл акция Ассамблеясының қалалық құрылымдарымен бірлесіп қана емес, жеке бастамаларымыз арқылы да жүзеге асты. 28 тамыз күні Ассамблея құрылымдарымен бірге Алматы қаласындағы №207 мектепте «Мектепке жол» шарасы өтті.

Бұл жиынға Алматы қаласы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Болат Оспанов, Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының төрағасы Долкутнай Алиев, Алматы қалалық өзбек этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Абдухалил Уралбаев және «Ассамблея жастары» РҚБ Алматы қалалық өкілдігінің төраға орынбасары Мохаммедсаруар Омар қатысты.

Шара барысында көптеген отбасыларға қаржылай көмек көрсетілді. Кейбір жанұяларға мектеп формасы мен қыстық киімдер сыйға тартылды.

Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» ассоциациясы жыл сайын Ассамблеямен бірге балалар мен олардың отбасына қолдау көрсетіп келеді. Бұл – әрбір баланың білім алу жолында тең мүмкіндікке ие болуына жасалған нақты қадам. Өйткені балалар – болашақ, біздің ең асыл арманымыз бен үлкен үмітіміздің иелері.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #мектеп #болашақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі AMANAT партиясы алаңында тұрғындарды қабылдады

Кеше 22:16

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды

Кеше 20:42

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Кеше 19:02

Үнемшілдік - үлкен мәдениет

Кеше 18:52

Алматыда кәсіпкерлермен жаңа экологиялық талаптар талқыланды

Кеше 18:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);