ffin.kz

Балаға үй тапсырмасын қалай дұрыс орындатуға болады?

Балаға үй тапсырмасын қалай дұрыс орындатуға болады? Сурет: Мedgis.ru

Бұл - көптеген ата-ананы алаңдататын маңызды мәселе.


Баламен үй тапсырмасын бірге орындаған дұрыс па, жоқ па? Ата-ана баланы өз бетімен үй тапсырмасын орындауға қалай ынталандыру керек?


Бір жылдан астам уақыт қашықтан оқу мектеп оқушыларының білім сапасына кері әсерін тигізгенін мұғалім де, ата-ана да байқады. Офлайн оқу жылының алғашқы тоқсаны аяқталып жатқан тұста сіздерге көмек болар деген ниетте балалар психологы, ресейлік маман Светлана Смирнованың үй тапсырмасын орындауға қатысты кеңестерін ұсынамыз.


Үй тапсырмасы қандай кезеңдерден тұрады?



  1. Орындау уақытын анықтау


Көптеген ата-ана үй тапсырмасын мектептен келгеннен кейін бірден орындаған дұрыс деп санайды. "Бүгінгі жұмысты ертеңге қалдырма" деген сөз үлкендердің логикасынан хабар береді. Бірақ балалар басқаша ойлайды, сондықтан сіз де олардың көзқарасымен, жағдайымен санасуыңыз керек. Шаршаған баланың сабақтан кейін тек демалуды қалайтынын түсінуге тиіссіз. Оған сабақ оқу үшін қай уақыт оңтайлы болатынын сұрап, бірнеше күн бойы осы кестені ұстануға тырысыңыз немесе кестенің әр түрлі нұсқаларын ұсыныңыз.


Мысалы, бір апта үй тапсырмасын тек кешкі уақытта орындау керек, содан кейін - сабақтан кейін бірден, ал үшінші аптада 1,5 сағат демалыстан кейін үй тапсырмасын бастау керек. Әр аптаның соңында балаңызбен осы кестенің қайсысы оған қаншалықты сәйкес келетінін талқылап, соңында ең қолайлысын таңдау маңызды.



  1. Сабақты балаға оңай көрінетін пәннен бастау


Көбінесе ата-аналар балаларына ең қиын пәннен бастауды ұсынады, ал балалар, керісінше, өзі үшін оңайырақ нәрседен бастағанды ​​қалайды. Және бұл ұстаным дұрысырақ. Расымен бұлай ету баланың бойында жетістікке жету сезімін қалыптастырады және бейсаналық түрде әрі қарай оқуға бейімделеді. Сондықтан, егер балаңыз осы тактиканы ұстанса, оны үгіттеп көндірмеу керек.



  1. Орындау алгоритмін құруға көмектесу


Сабаққа көмектесу бала үшін бәрін жасап беру дегенді білдірмейді. Егер ата-ана баласына үй тапсырмасын орындау қиын екенін көрсе, оған бағыт-бағдар беру жеткілікті. Мысалы, сабақтың алгоритмін құруға көмектесіңіз.


Балаға қолынан келмейтін нәрсені жеңуге көмектесу үшін алдымен онымен неліктен осы немесе басқа жаттығуды орындай алмағанын сабырлы түрде талқылап, содан кейін тапсырманы бірге тереңдету керек. Балаңыздың орнына тапсырма орындаудың қажеті жоқ. Тапсырманы өз бетімен орындаған кезде тексеру үшін дәптерін әкелуін сұраған дұрыс. Оқушы өзінің шешім таба алғанын сезінуі керек. Демек, уақыт өте келе, ол қиындықтардан қорқып қашпайтын болады.


Сізге тексертуге әкелген сабақтарында қате болмаса, тексеруді күнде жалғастырудың қажеті жоқ. Балаға енді өзін-өзі тексере алатынын айтқан дұрыс. Бұл оны жауапкершілікке үйретеді.


Аптаның қорытындысы және мақтау


Аптаның қорытындысын шығару - бұл бөлек маңызды сәт. Баланың осы аптада жеткен жетістіктерінен бастау керек. Барлық берілген тапсырмаларды орындау маңызды. Мысалы, өткен аптада баланың үй тапсырмасын орындауға қолайлы уақытты өз бетінше анықтағанын, жүктемені дұрыс бөлгенін және бұрын қиындық тудырған кейбір тақырыптарды түсініп алғанын атап өтуге болады.


Бұл тәжірибе балада жағымды эмоцияларды тудырады: ол бірте-бірте қойылған барлық тапсырмаларды орындай алатынын, ата-анасының оны қолдайтынын, сондай-ақ оның шешімдері мен іс-әрекеттері үшін құрметтейтінін түсінеді.


Ненің сәтті орындалғанын айтқаннан кейін келесі аптаның міндеттерін талқылауға болады. Бұл тек қана ата-ананың идеялары болмағаны дұрыс. Баладан қандай мақсаттарға қол жеткізгісі келетінін, ол үшін не маңызды екенін сұраңыз. Шешімдерді түпкілікті емес, диалог арқылы қабылдаңыз. Сондай-ақ балаға ата-анасының көмегі қажет болса, ол әрқашан оған сене алатынын айту керек.


Балалардың өздері үй тапсырмасын жауапкершілікпен орындағысы келуі тиіс деп ойлайтын ата-аналар қателеседі. Жауапкершілік көптеген басқа дағдылар сияқты бірте-бірте дамиды. Айғайлау, сөгу, басқа біреумен салыстыру жағдайды одан сайын ушықтырады – бала үй тапсырмасын түсінгісі келгендіктен емес, қорыққаннан орындайтын болады. Уақыт өте қорқыныш жанжал тудыратын нәрседен жиіркеніштілікке және бас тартуға әкеледі. Бұл тек сабаққа ғана қатысты емес.


Табысқа жету жолында


Бала сабақты неғұрлым ертерек өз бетімен оқи бастаса, соғұрлым оқу үшін жауапкершілікті сезінеді және оны ауыртпалық пен азаптау емес, өз өмірінің бір бөлігі ретінде қабылдайды. Ата-анасы үнемі қасында, барлығын бақылап отырса, балада, бір жағынан, наразылық пайда болады, өйткені ешкім үнемі бақылауда болғанды ​​ұнатпайды, ал, екінші жағынан, әлсіздік пен инфантилизм қалыптасады, өйткені оқушы анасы немесе әкесі араласпайынша, өз бетімен бірдеңе істеуге үйренбейді.


Ата-ана баланың өзін тәуелсіз тұлға ретінде сезінетіндей жағдай жасауы керек және оқу процесінде туындайтын қателіктер мен қиындықтар өмірдің соңы емес және балаңыздың нашар бағасы отбасының беделіне нұқсан келтіретін ұят нәрсе емес, қалыпты жағдай екенін түсінуі керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04