AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Бала үні»: Алматы қаласы әкімінің орынбасары дары...

«Бала үні»: Алматы қаласы әкімінің орынбасары дарынды оқушылармен кездесті

Әлеумет 28.05.2025, 10:31 813
«Бала үні»: Алматы қаласы әкімінің орынбасары дарынды оқушылармен кездесті
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыдағы Оқушылар сарайында қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова білім мен ғылымда, өнер мен спортта үздік жетістіктерге жеткен оқушылармен кездесті. Бұл іс-шара Мемлекет басшысының тапсырмасымен жарияланған «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында өтіп жатқан «Бала үні» атты тақырыптық күніне орайластырылды.

Кездесуге әлем елдерінде ел намысын қорғап жүрген дарынды балалар жиналды. Олардың қатарында Жәутіков атындағы олимпиада, Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасы, «Жібек жолы» интеллектуалды жарыстарының жүлдегерлері, тіпті Хьюстон, Бейжің, Мәскеу, Ташкент секілді ірі қалаларда өткен жарыстарда топ жарып, бірнеше рет жеңіс тұғырынан көрінгендер де бар. Сондай-ақ, жиынға сөзге шешен жас оратарлар, қаламы жүйрік жас жазушылар, өнертапқыш робототехниктер, әуезді әнші-вокалистер мен шымыр спортшылар да қатысты.

«Сіздер – Алматының зияткерлік әлеуетісіздер. Біз әрқайсыңызбен мақтанамыз. Сіздердің бүгінгі жетістіктеріңіз – ертеңгі елдің тірегі болмақ. Бұл тек сіздердің ғана емес, ата-аналарыңыз бен ұстаздарыңыздың да еңбегі. Біз сіздерге жайлы жағдай жасауды әрі қарай жалғастыра береміз. Сіздердің ұсыныстарды міндетті түрде елеп-ескеретін боламыз. Келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын! Жазғы демалыстарыңыз жақсы өтсін!», – деді қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Кездесу өте жылы, еркін форматта өтті. Оқушылар өз жобаларын таныстырып, білім беру, ғылым мен қаланың дамуы туралы ұсыныстарын ортаға салды.

Айта кетейік, Алматыда балаларға арналған қосымша білім беру кең дамып келеді. Қазірдің өзінде бұл бағытта 141 ұйым жұмыс істейді: 7 оқушылар үйі, 8 музыка мектебі, өнер мектебі мен 122 жеке студия бар. Жақында күрделі жөндеуден өткен Оқушылар сарайы балаларға есік ашты. Мұнда зертханалар, коворкингтер, еліміздегі ең ірі обсерватория орналасқан. Сондай-ақ Алатау мен Наурызбай аудандарында екі заманауи орталық ашылып,  «Самғау» орталығы мен «Жас қанат», «Айнабұлақ», «Саялы» шағынаудандарында жаңа шығармашылық үйірмелер іске қосылады. Бұл – балалардың жан-жақты дамуына жасалған нақты қадам.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бала #Ғылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);