AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бала туғанда берілетін жәрдемақыны екінші деңгейде...

Бала туғанда берілетін жәрдемақыны екінші деңгейдегі банктер арқылы ресімдеуге болады

Әлеумет 06.10.2021, 04:13 1,260
Бала туғанда берілетін жәрдемақыны екінші деңгейдегі банктер арқылы ресімдеуге болады
www.gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Әділет, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы «Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау» және «Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау» мемлекеттік қызметтерін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды бастады. Жаңа сервис азаматтар үшін ағымдағы жылғы 8 қазаннан бастап қолжетімді болады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz






Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы мемлекеттік қызметтерді алу ыңғайлылығы – бұл жеке ЭЦҚ-кілттерді пайдалану және қосымша ақпаратты енгізу қажеттілігінің болмауы.


Пилоттық жобаға Kaspi Bank мен Халық банкі қатысуда. Жәрдемақы немесе әлеуметтік төлем тағайындауды ресімдеу үшін осы банктердің бірінің мобильді қосымшасында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бөлімді табу, тиісті мемлекеттік қызметті таңдау және дербес деректерді өңдеуге келісімді растау қажет. Өтінімді жібергеннен және оны мемлекеттік орган тарапынан қарағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға оны қарау нәтижесі және тағайындалған төлем сомасы туралы PUSH-хабарлама және SMS жіберіледі.



«Бұл жоба келесі тоғыз айда жүзеге асырылады. Оң динамика мен сұраныс болған, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер техникалық жағынан дайын болған жағдайда жоба пилоттық форматтан қолданыстағы форматқа көшіріледі деп жоспарлануда. Өз кезегінде, мемлекеттік органдар басқа екінші деңгейдегі банктермен ынтымақтасу және ЕДБ мобильді қосымшалары арқылы көрсетілетін қызметтердің тізбесін кеңейту үшін ашық», – деп атап өтті Еңбекмині Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаментінің директоры Анар Төлеубаева.



Азаматтардың кең ауқымына қолжетімді мемлекеттік органдардың дерекқорларын және өзге де платформаларды интеграциялау бойынша осындай жобаларды іске асыру халықты электрондық мемлекеттік қызметтермен қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді, олардың қолжетімділігін, ыңғайлылығын арттырады және көрсету уақытын қысқартады.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#балакүтімі #жәрдемақы #көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);