Бала тәрбиесіне немқұрайлы қараған 600 адам ата-ана құқығынан айырылды

Бала тәрбиесіне немқұрайлы қараған 600 адам ата-ана құқығынан айырылды Сурет: 24.kz

6 мыңнан астам адам профилактикалық есепке алынған.


Арнайы комиссия оларға қатысты 1800 істі қарады. Соттың шешімімен 600 адам ата-ана құқығынан айырылды. Тағы 340 адамның құқығы шектелген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі брифингте айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ведомство өткен жылдың соңында мемлекеттік органдармен бірлесіп, жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу және көмек көрсету әдістемесін жасапты. Соның аясында олардың қауіпсіздігін қамту шаралары күшейтіліп жатыр.



«Жасөспірімдер арасында бопсалауға қатысты 40 дерек анықталды. Әр өңірде зорлық-зомбылықпен күресу және алдын алу үшін әкімдіктер жанынан ведомствоаралық мобилді топтар жұмыс істейді. Соңғы 10 жыл ішінде кәмелет жасқа толмағандарға қатысты құқықбұзушылық деректері 3 есе азайды. Олардың қауіпсіздігі одан әрі басты назарда болады», - дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Әсет Оспанов.






Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:18

17:07

16:53

16:42

16:35

16:24

16:10

15:58

15:43

15:32

15:15

15:06

14:53

14:41

14:25

14:12

14:05

12:36

12:28

12:09

12:04

12:04

11:56

11:33

11:24