ffin.kz

Бала қуанса, әлем қуанады

Бала қуанса, әлем қуанады almaty-akshamy.kz

Қазір жазғы демалыстың нағыз қызған уақыты. Қала балаларының алды алыс ауылдарына аттанып, демалысты ата-әжелерімен өткізсе, енді біразы мұхит асып, жер-дүниемен танысып жатыр. Жыл сайын қалалық әкімшілік балалардың жазғы демалысын басты назарда ұстап, олардың жан-жақты демалуына толық қолдау жасап отырады. Осыған орай, қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат ЖЫЛҚЫБАЕВАМЕН хабарласып, мектеп оқушыларының биылғы жазғы демалысы туралы сұрап білген едік.


– Ләззат Әуезханқызы, Алматы қаласы білім беру ұйымдарында биылғы жазғы демалыс қалай ұйымдастырылды?


– Мектеп оқушылары үшін жазғы демалыстың орны ерекше. Үздіксіз білім беру жүйесінде жазғы демалыс балалар мен жасөспірімдерді дамыту, тәрбиелеу және сауықтыру үшін өте маңызды рөл атқарады. Сондықтан біз жазғы демалыс басталмай тұрып, түсіндіру жұмыстарын жүргізген едік. Осы негізде әрбір мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері жазғы демалысты ұйымдастыру туралы ақпаратпен барлық ата-ананы хабардар етті. Әсіресе, әлеуметтік аз қамтылған отбасы мен көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың бос уақытының қамтылуы ерекше бақылауда. Бұл балалар, ең алдымен, жалпыға білім беру қоры есебінен қала маңындағы лагерьлерде демалуға мүмкіндік алды, асхана жалдаушыларының демеушілік көмегі есебінен мектеп лагерьлерінде тамақтанды.


Сонымен қатар, әр мектепте жазғы демалыс бойынша ақпараттық стенд ілініп, онда мектеп жанындағы лагерьдің, мектеп үйірмелері мен секцияларының жұмыс жоспары, қосымша білім беру ұйымдарының мекенжайлары, жауапты тұлғалардың байланыс телефондары және 200-ден астам үйірме мен секцияның жұмыс кестелері, демалыс орталықтарының жұмысы, қала сыртындағы лагерьлер, олардың барлық байланыстары туралы ақпараттар орналастырылды. Оқушылар сарайы мен шығармашылық үйлеріндегі үйірмелердің, студиялардың, секциялардың ақысыз негізде жұмысының кестесі де ілулі тұр.


Жалпы, мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру, ең алдымен, оларды әлеуметтік тұрғыдан қорғау болып табылады. Өйткені, жазғы демалыс кезінде балалардың жарақат алуы, құқық бұзуы, жаман әдеттерге бой алдыруы сияқты оқиғалар белең алып, өкінішті жағдайлар да болып жатады.


Жаз мезгілінде балалардың көшеде, жолда, суда қауіпсіздігін қамту үшін педагогтардың жұмысы тоқтамайтыны да сондықтан.


Биыл да барлық орта білім беру ұйымдарында оқушылардың жазғы демалысы қадағаланып, бақылаусыз қалмауы үшін толық жауапкершілікпен ұйымдастырылып отыр. Осы ретте қалалық Білім басқармасы балалардың жазғы демалысын «Жазғы демалыс – денсаулық пен естеліктер кепілі» тұжырымдамасы негізінде ұйымдастырып отырғанына тоқтала кеткім келеді. Биыл да мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысы ұйымдастырылып, оларға әдістемелік қолдау көрсетіліп жатыр. Ең алдымен, барлық білім мекемелеріне, қосымша білім беретін мекемелерге санитарлық-медициналық және санитарлық-гигиеналық тазалықты қамтуға байланысты нұсқаулық хат әзірленіп, таратылды.


Жазғы демалыс толық күндік және тамақсыз толық емес күндік жазғы мектеп жанындағы лагерьлер, мектеп клубтары мен қызығушылықтары бойынша үйірмелер, бос уақытты өткізуге арналған орталықтар: (бейнелеу өнері, мүсіндеу, модельдеу, тоқу, макраме, қолданбалы өнер), спорт секциялары мен пікірталастар; қосымша білім беру ұйымдарының жұмысы (Оқушылар сарайы мен 6 Оқушылар үйі) және жазғы балалар лагерьлерінің жұмысы қызып жатыр. Әдеттегідей, мектеп асханаларындағы тамақ мәзірі де қатаң бақылауда болады.


Мектеп жанындағы лагерьде мектеп асханасы, медбике, дене шынықтыру, бейнелеу өнері, музыка пәні мұғалімдерінің жұмысы толығымен қамтамасыз етілген. Мәселен, алғашқы апта «Балалық шақты қорғау» атауымен өтіп, «Балалық шақ пен қуаныш мерекесі», «Зияткерлік», «Кітап күні» деп, тағы басқа апталықтар тамыздың соңғы аптасына дейін жалғасатын болады.


Аптаның әр күні белгілі бір мақсатқа арналып, дүйсенбіде барлық мектептерде зияткерлік бағыттағы іс-шаралар (кітапханаларға, мұражайларға бару, «Оқуға құшт ар мектеп» жобасы бойынша байқаулар, викториналар өткізу;) сейсенбіде – көркемдік-шығармашылық бағыттағы іс-шаралар: (көрмелерге, сәндік- қолданбалы өнерге бару; сурет, қолөнер байқауларын өткізу) және жұмаға дейін экологиялық, өлкетану және ғылыми- техникалық бағыттағы іс-шаралар (ғылыми-зерттеу институттарына, зертханаларға, орталықтарға бару; роботтехника бойынша флешмобтар, жарыстар, турнирлер, челлендждер өткізу) жоспарланған.


Бұған қоса, барлық ата-аналарды да іс- шараларды ұйымдастыруға тартып, қосымша білім беру ұйымдарымен бірлесе экскурсиялар ұйымдастырып жатыр.



– Басқарма тарапынан демалыс орталықтарына қандай талаптар қойылады?


– Әрине, ат а-аналар балаларын сауықтыру орталықтарына жақсы демалып, сергіп қайтса екен деп жібереді. Сондықтан біз өз тарапымыздан балалар дұрыс тамақтанып, спортпен айналысса, таза ауада көбірек серуендесе деген талаптар қоямыз. Жазғы демалыс дегеніңіз мектеп оқушылары үшін өте бір ерекше мезгіл.


Жыл бойы оқу оқып, бүкіл күшін білімге жұмсаған балалардың жазғы демалыста денсаулығын нығайтып, ағзасын сауықтыруы қажет. Сонымен қатар, жазғы демалыс мектеп оқушыларының физиологиялық, дүниетанымының дамып, нағыз жетілетін кезеңі. Тіпті, күзде мектепке келген кезде балалардың бойының өсіп, өзгергенін байқап жатамыз. Өйткені, жаз мезгілінде балалар тез өседі. Осыған байланысты балалардың дұрыс тамақтануына, физиологиялық ерекшеліктеріне де баса назар аударған жөн.


Міне, сол себепті мамандардың жазғы демалысты балалардың денсаулығының нығаюына нағыз қолайлы ке з деп қарастыратыны да сондықтан. Осы ретте баланың дара тұлға болып қалыптасуына жағдай жасауымыз қажет. Сауықтыру орталықтарындағы балаларға берілетін ас мәзірлерін де бақылауда ұстаймыз.


– Қала маңайындағы сауықтыру орталықтарындағы қауіпсіздік шаралары қалай қамтылған?


– Қазір қала балалары өздерінің жазғы демалысын «Юный Домостроитель», «Эдельвейс» және «Алматау» сияқты сауықтыру лагерьлерінде бастап та кетті. Жалпы, биыл қала сыртындағы лагерьлерде 6500-ден астам бала, ал мектеп жанындағы лагерьлерде 30 мыңнан астам бала жазғы демалысын қызықты етіп өткізіп жатыр.


Жалпы, қауіпсіздік мәселесіне келсек, санитариялық талаптарға сай, лагерь аумағы қоршалған болуы керек. Сонымен қатар, объектілер таза ауызсу, ыстық су, кәріздер, жарықтандыру мен желдету жүйелерімен қамтамасыз етілген. Демалыс орталықтарының қызметкерлері барлық үй-жайлардың ішін дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, күнделікті тазалап отыруы да басты назарда. Айтпақшы, лагерь жұмысын бастамас бұрын кеміргіштер мен жәндіктерге қарсы іс-шаралар жүргізілген еді. Бұл да өз кезегінде қауіпсіздік шараларының бір тармағы. Демалыс орталықтарындағы жиһаздар мен жабдықтар да балалардың жас ерекшеліктеріне сәйке с болуы ескерілді.


– Мектеп оқушыларының жазғы демалысына байланысты байқау жарияланған еді? Осы мақсатта жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы айта өтсеңіз.


– Биыл «Үздік мектеп жанындағы лагерь» қалалық байқауын алғаш рет өткізіп отырмыз. Байқау ережеге сәйкес аудандық және қалалық кезеңді қамтиды. Сәтін салса, жеңімпаздарды Тамыз форумында марапаттайтын боламыз.


Біздің қолға алып отырған барлық жоспарларымыздың жүзеге асатынына сенімдімін. Өйткені, бізді ата-аналар мен мұғалімдеріміз қолдайды. Сонымен қатар, ата-аналар да балаларын барынша қадағалап, бейресми топтардың жетегіне еріп, түрлі әлеуметтік желілердегі жат қылықтарға бой алдырмауын бақылауда ұстаса деймін.


Ата-аналар балаларының жазғы демалысын маңызды етіп ұйымдастырса, ұмытылмас сәт болып, есінде мәңгі қалары сөзсіз. Жазғы демалыста балаңыз уақытының көп бөлігін компьютердің алдында өткізбесін десеңіз, жазғы сауықтыру мекемелеріне жіберіңіздер дер едім.


Сұхбаттасқан Рая ЕСКЕНДІР.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04