Бакуде Отан қорғаушы күні аталып өтті

  • 23:10, 08 мамыр 2025
Бакуде Отан қорғаушы күні аталып өтті Алматы ақшамы

Әзербайжан астанасында Қазақстан Республикасы Елшілігінің ұйымдастыруымен Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты қабылдау өтті. Іс-шараға дипломатиялық корпустың, Әзербайжанның әскери басшылығының, зиялы қауым мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ Әзербайжанда тұратын отандастар қатысты.

Қабылдау 7 мамыр — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күніне орайластырылды. Бұл күн жауынгерлік батылдық, отансүйгіштік пен Отанды қорғау символына айналды.

Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел құттықтау сөзінде екі мемлекет арасындағы қатынастар барлық бағыттар бойынша қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. «Қазақстан мен Әзербайжан — стратегиялық серіктестер мен одақтастар. Ынтымақтастығымыздың саяси және қорғаныс салаларында тереңдей түскені қуантады. Халықтарымыз арасындағы бауырластық байланыстары болашақта тек нығая түсетініне сенімдімін», - деді дипломат.

Ә. Байел соңғы кезеңде екі ел қорғаныс ведомстволары бірлескен іс-шаралар санының едәуір өскенін атап өтті. Мәселен, 2023 жылы «Хазри» бірлескен әскери-теңіз жаттығулары, ал 2024 жылы «Бірлестік» және «Алтын Қыран» бірлескен екіжақты оқу жаттығулары өткізілді. Сондай-ақ, Елші қатысушыларға Қазақстан бітімгерлерінің жетістіктері туралы айтып берді. Оның айтуынша, 2024 жылы БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі миссиясы құрамында Қазақстан контингентінің дербес орналастырылуы Қазақстан бітімгерлері дайындығының жоғары деңгейінің айғағы болды.

Әзербайжандағы Қазақстанның әскери атташесі Рауан Кемали Қазақстан Қарулы Күштерін жаңғырту және заманауи әскери техникамен жабдықтау жөнінде айтып берді.

Іс-шараның құрметті қонағы Әзербайжан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы, 1-дәрежелі капитан Шахин Мамедов болды. Ол екі ел арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалап, қазақ әріптестеріне сенімді серіктестік үшін алғысын білдірді.

Қабылдау аясында қонақтарға Қазақстан армиясының тарихы мен заманауи келбетіне арналған мультимедиялық экспозиция ұсынылды. Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар ұлттық тағамдардан дәм татып, концерттік бағдарламаны тамашалады.

Жас ұрпаққа ерекше көңіл бөлінді: іс-шара ұлттық сананы қалыптастырудағы армияның рөлін көрсететін патриоттық презентациялармен сүйемелденді.

Қазақстаннан тыс жерлерде Отан қорғаушылар күнін мерекелеу мәдени байланыстар мен диаспорамен қарым-қатынастарды нығайтуға ғана емес, сонымен қатар еліміздің жаһандық қауіпсіздіктің сенімді серіктесі және белсенді қатысушысы ретінде халықаралық аренада оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:37

15:34

15:30

15:25

15:22

15:19

15:16

15:09

14:49

12:45

11:22

11:19

10:09

09:48

23:10

22:34

18:14

17:53

17:23

17:03

15:31

15:11

14:06

12:15

12:13