AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Байқауға қатысып, бақ сынаңыз!

Байқауға қатысып, бақ сынаңыз!

Әлеумет 16.08.2024, 17:03 1,429
Байқауға қатысып, бақ сынаңыз!
Tengrinews/Алихан Сариев

Әрбір қыз «Қазақстан аруы» атануға лайықты: Алматыда ұлттық сұлулық байқауының ашық кастингі өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастыру комитеті еліміздің аруларын кастингке қатысуға шақырады. 17 тамыз күні Алматыда «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының ашық кастингі өтеді. Кастингке 18 жастан асқан және бойы 165 сантиметрден жоғары барлық қыз қатыса алады. Кастингтен өткендер «Қазақстан аруы» байқауының финалына жолдама алады. 

Жобаның мақсаты – этникалық негіздерді сақтау және насихаттау. Қазақ тілін, ұлттық қолөнерін, мәдени мұрасын, ұлттық киімдерін жастардың бойына сіңіру әрі дәріптеу. Қазақ қыздарының бүгінгі рухани келбетін ашып, жастарды ұлттық руханият пен мәдени мұраны құрметтеуге тәрбиелеу. Еліміздің жастар саясатына үлес қосу да үлкен мақсаттарымыздың бірі. Байқау – өлкеміздің сан ұрпақтарының тереңдігі мен даналығын бойына сіңірген сұлулыққа тағзым. «Miss Qazaqstan» жай ғана сұлулық байқауы емес, бұл әрқашан «Сұлулық мейірімділікте!» ұранымен өтетін жоба. Биыл жоба «Әйел болу - өнер» тақырыбымен өтпекші.

«Қазақстан аруы» тек қана сұлулық байқауы емес, бұл қыз баласына өзінің өнерін, білімін һәм әлеуетін көрсетуге арналған бірегей алаң!
Өтетін орны: Әл-Фараби даңғылы 5/2, П2, «Жүрек тау» бизнес орталығы
Кастинг күні мен уақыты: 17 тамыз, сағат 12:00

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қыз сыны #байқау #бақ сынау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әнші Нұржас Садырбаев «Voice Beyond Horizon» халықаралық жобасының жеңімпазы болды

Бүгін 12:50

Алматы құрамасы қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті

Бүгін 12:22

Алматыда жастарды қолдауға арналған «Әлеуметтік шеберхана» жобасы басталды

Бүгін 11:54

Терезені жаппаған ата-ана айыппұл арқалауы мүмкін

Бүгін 11:03

Көптің жүрегін жаулаған дәм: балмұздақ шаһарынан эксклюзив фоторепортаж

Бүгін 11:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика