AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бәйгеде бағы жанғандар

Бәйгеде бағы жанғандар

Әлеумет 03.02.2025, 13:06 855 Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА, ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі
Бәйгеде бағы жанғандар
ҰҚК Шекара қызметі

Осы аптада ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Нарынқол» шекара бөлімінің атыс алаңында мықтыларды анықтауға арналған қызметтік шаңғы биатлоны өтті. Сайысқа аталған департаменттің Райымбек және Қарасай аудандары бойынша шекара басқармаларынан екі құрама команда қатысты.

Биатлонның бас төрешісі — департаменттің жауынгерлік даярлық және әскерлер қызметі басқармасының аға нұсқаушысы, подполковник Мұрагер Маратұлы. Ашылу салтанаты «Нарынқол» шекара бөлімінде өткен соң, командалар бірден «Қостөбе» шекара бөлімшесіндегі шағын полигонға аттанды. Олар барған кезде шыңылтыр аяз қарсы алғанымен, ешкім де оған мойыған жоқ. Жеңіске жетіп, алда Шекара қызметі аясында өтетін биатлонға жолдама алу үшін командалар кез келген қиындықты еңсеруге тас-түйін дайын болды.

Сайыс барысында шаңғышылар бес шақырымдық қашықтықты бағындырумен қатар, граната лақтырып, қос қарудан — Калашников автоматы мен мергендер винтовкасынан нысана көздеуге тиіс болды. Тәртіпке сәйкес, жаттығу кезінде нысанаға дәл тимеген қатысушылар 70 метрлік айып алаңын айналып өтеді. Сондай-ақ, әр команданың құрамында бір кинолог бар. Олар өздерінің қызметтік иттерімен бірге сайысқа қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Айта кету керек, Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының атынан қатысқан команданың капитаны, «Текес» шекара бөлімшесінің бастығы капитан Нұрбол Темірбаев шаңғы тебуден спорт шеберлігіне кандидат екен. Оның қар үстіндегі қимыл-қозғалысы да нағыз шебер екенін аңғартып тұрды. Нұрбол сайыс барысында бірінші келіп, осыған дейінгі рекордты жаңартты.

Осылайша, бірнеше сағатқа созылған қызметтік шаңғы биатлонында граната лақтырып, нысана көздеуде өздерінің мергендігін көрсеткен Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының құрама командасы бірінші орынды иеленді. Бұған «Қостөбе» шекара бөлімшесінде бір ай бойы жүргізілген дайындықтың зор көмегі тигені анық.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Сүмбе ауылындағы мәдениет үйінде өтті. 2023 жылдың желтоқсан айында құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген заманауи руханият ордасының қасиетті сахнасында бәйгеде бағы жанған Райымбек ауданының командасы департамент бастығы полковник А.Каюповтың грамотасымен марапатталып, мойындарына медаль тағылды.

Рәсімнің соңы мәдениет үйіндегі жас өнерпаздардың шағын концерттік бағдарламасына ұласты. Ұлттық нақыштағы киім киген жас бишілер мен әншілер жарысқа қатысушылар мен «Сүмбе» шекара бөлімшесінің жеке құрамына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Енді бәйгеде топ жарған команда Ақмола облысының Державинск қаласында өтетін аламанда ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің намысын қорғайтын болады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#биатлон #ҰҚК Шекара қызметі #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);