AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Баға бойынша тексеріс

Баға бойынша тексеріс

Әлеумет 01.02.2023, 19:40 829
Баға бойынша тексеріс
almaty-akshamy.kz

Қала тұрғындары әлеуметтік маңызы бар өнімдерге бағаның орынсыз көтерілуіне куә болса, қайда жүгіне алады?


Алматы қаласы бойынша Amanat партиясының жанынан құрылған тексеріс тобы әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасына мониторинг жүргізді.


Алматы қаласы бойынша Amanat партия­сының жанынан құрылған тексеріс тобы SMALL супермаркеттер желісіндегі әлеу­меттік маңызы бар өнімдердің бағасына мо­ниторинг жасады.




«Біздің мониторинг жүргізудегі мақсаты­мыз – қандай да бір қысым көрсету емес, кәсіпкерлерді барлық керек-жарақпен қамта­масыз етіп, оларға жағдай жасау арқылы ал­матылықтардың қолына түсетін түпкі өнімнің сапалы әрі қолжетімді болуына әсер ету. Біздің бұған дейінгі тексеру жұмыстары­мыз үш ай бұрын болған. Сол уақыттан бері әлеуметтік маңызы бар өнімдердің біршама­сында баға өзгермеген. Бірақ, өкінішке қарай, ет өнімдерінің бағасы өскенін байқадық. Олар біз ұсынған бағадан әлдеқайда жоғары. Нақ­ты айтсақ, 800 теңгеге қымбаттаған. Деген­мен, тауық етіне, сүт өнімдері мен жұмырт­қаға қойылған бағада тұрақтылық бар», – деді Amanat партиясы жанындағы Экономика және кәсіпкерлікті дамыту комитетінің өкілі Эдуард Катенов.



Сондай-ақ, ол әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасына оң әсер ету үшін кәсіп­керлермен жекелей жұмыс жүргізілетінін атап өтті.



«Пияз бағасы да біз ұсынатын бағадан жоғары. Айтылған мәселе бізді алаңдатады. Қаламызға пияз негізінен Алматы облысы­нан әкелінеді. Жалпы, орта баға 80 теңге болса, мұнда 370 теңгеден сатылады екен. Бұл мәселені шешу үшін логистика тұрғысы­нан не кәсіпкерлермен тікелей байланыс ор­нату сынды шешім жолдарын қарастырамыз. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвести­циялар басқармасымен және Ұлттық Кәсіп­керлер Палатасының өкілдерімен кездесіп, мәселенің туындау себебін және оны ше­шудің қандай жолдары бар екенін талқылай­мыз. Алматылықтар қолжетімді бағада азық-түлік алу үшін артық алыпсатарлықты азайтуға тырысамыз. Жалпы, кешенді жұмыс жүргізіледі», – деді ол.



Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвес­тициялар басқармасының өкілі Рақымжан Әріпжанов өнім өндірушілермен меморан­дум жасалғанын хабарлады.



«Баға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін өнімдерді тікелей жеткізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Мысалы, Алматы әкімдігінің өкілдері Түркістан облысына ар­найы жұмыс сапарымен барып, бірнеше ауылшарушалық мекемелерімен меморан­думға қол қойып келді. Олар маусымаралық кезеңде, яғни мамыр мен маусым айларының аралығында қаламызға көкөністерді жеткі­зеді. Жалпы, қалада жан-жақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Айта кеткен жөн, егер қала тұрғындары әлеуметтік маңызы бар өнімдер­ге бағаның орынсыз көтерілуіне куә болса, Кәсіпкерлік және инвестициялар басқарма­сына жүгіне алады», – деді Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы­ның өкілі Р.Әріпжанов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бұтақты шатқалында 700-ден астам адам бас қосты

Бүгін 14:09

Алматыда тротуарлар арнайы тазартқыш құралдармен жуылып жатыр

Бүгін 14:04

Президент Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, жастардың еңбегін ерекше атап өтті

Бүгін 14:02

Мыңға жуық алматылық Аюсайды тазалады: «Таза Қазақстан» акциясы аясында 450 м³ қалдық шығарылды

Бүгін 13:55

Алматыда кітапханашыларға арналған республикалық хакатон өтті

Бүгін 12:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика