Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Б. Сағынтаев Nur Otan-ның қабылдауына жүгінген қал...

Б. Сағынтаев Nur Otan-ның қабылдауына жүгінген қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді

Әлеумет 03.08.2021, 11:42 1,694
Б. Сағынтаев Nur Otan-ның қабылдауына жүгінген қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді
almaty-akshamy.kz

Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев азаматтарды кезекті қабылдауды онлайн форматта өткізді.


Н. Кенжебаевтың халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін ғимараттарға қойылған құрылғыларға қатысты сұрағы жөнінде Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша комиссия құрылатын болады. Түрлі басқармалардың, оның ішінде Жайлы қалалық орта, Әлеуметтік әл-ауқат басқармаларының мамандары қоғам белсенділерімен бірге көтергіш құрылғылардың техникалық жағдайы мен қауіпсіздігін тексереді және бақылауға алады. 


О. Костюлинаның Натаров көшесіндегі жол жамылғысын қалпына келтіру жөніндегі өтініші бойынша қала әкімінің орынбасарына сол жерге арнайы барып, тұрғындарға инженерлік желілерді қосу және жолдарды асфальттау жұмыстарының аяқталу мерзімі туралы ақпарат беру тапсырылды.


Ақжар шағынауданы тұрғындарының атынан Е. Әділбеков Наурызбай ауданындағы жобаға енбеген Лашын мен Берел көшелеріне инженерлік желілерді тарту мәселелерін сұрады. Алматы әкімі Б. Сағынтаев ағымдағы жылы сумен жабдықтау желілерін тартуды және келер жылы осы көшелерге су бұру желілерін салуды жобаға енгізуді тапсырды.


Жалпы, Ақжар шағынауданында 21 мың адам тұрады және 5,5 мың үй бар, өткен жылы 8,5 км сумен қамту, 6,7 км су бұру желілері салынды. Биылғы жылы 10,5 км сумен қамту және  9 км су бұру желілерін салу жоспарлануда. Ағымдағы жылы шағын аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ететін Ақсай су тазарту станциясының  құрылысы басталады.


А. Темештің өтініші бойынша қоғамдық денсаулық басқармасына оның кішкентай баласының денсаулық жағдайын дұрыс анықтау үшін комиссия құруды және қажет болса медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберуді тапсырды.


«Қамқор» әлеуметтік үйінде тұратын В. Денисенконың сұрағына жауап берген мегаполис әкімі Б. Сағынтаев психионеврологиялық патологиясы бар балаларды оңалту қызметтері «Қамқор» ғимаратынан Шәріпов көшесіндегі өзге нысанға көшірілетіні туралы хабарлады. Бұл ерекше қажеттіліктері бар балаларды толық 8 сағаттық сабақтармен қамтуға мүмкіндік береді. Өзге нысанға көшіру жыл соңына жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Nur Otan #Сағынтаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика