Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Азық-түлікті арзанға алу жолы қандай?

Азық-түлікті арзанға алу жолы қандай?

Әлеумет 03.05.2023, 09:26 1,062
Азық-түлікті арзанға алу жолы қандай?
Сурет: Forumdaily.com

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев арзан азық-түлікті қайдан алуға болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Оның айтуынша, ол үшін ең алдымен бақылау-кассалық аппараттарымен жабдықталған ірі сауда желілеріне барған жөн.





«Себебі, бағаға қатысты күмән туындаған жағдайда, тек чек арқылы уәкілетті органдар мен сауда департаментіне жүгіне алады. Осылайша, бағаны өсіру фактісін растауға немесе жоққа шығаруға болады. Өркениетті сауда форматы бойынша тауарларды сатып алу орындары өте маңызды. Бұл әлеуметтік маңызы бар тауарларға да қатысты», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.



Сондай-ақ, А. Шаққалиев елімізде кейбір азық-түлік бағасы төмендегенін айтты.



«Соңғы аптадағы деректерді талдау нәтижесі кейбір азық-түлік бағасының түскенін көрсетіп отыр. Қарақұмық, қант, картоп, күнбағыс майының бағасы төмендеді. Жалпы, еліміз бойынша 0,7-ден 2,2%-ға дейін арзандау байқалады. Егер біз тауар номенклатурасы бойынша басқа топтағы тауарлар туралы айтар болсақ, әрине, барлық жерде бағаның төмендеуі жоқ. Бірақ, өсу бар», - дейді ол.



Айта кетейік, 19 сәуірде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Тоқаев елімізде инфляция соңғы 15 жылда болмаған деңгейге жеткенін айтып, Үкімет мүшелерінің бағаны ұстап тұруға бағытталған қадамдарынан еш нәтиже жоғын мәлімдеді.



«Жұрттың ай сайын жұмсайтын қаржысының тең жартысынан көбі азық-түлік алуға кетеді. Үкіметтің әрекеті жеткіліксіз болып отыр. Тыйым салу және шектеу шаралары уақытша ғана әсер етеді. Мұндай қадамдар қиындықтың бетін қайтарса да, одан біржола құтылуға мүмкіндік бермейді, тіпті, мәселені ушықтырады деуге болады», – деді Мемлекет басшысы.



Сондай-ақ, күні кеше Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев халықтың орташа табысы мен қымбатшылық жайлы ресми статистика шындыққа сай келмейтінін айтты.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#азық-түлік #арзан баға #сауда желілері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика