AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Азық-түлік өнімдерін жеткізуді реттейтін құжатқа қ...

Азық-түлік өнімдерін жеткізуді реттейтін құжатқа қол қойылды

Әлеумет 04.08.2021, 13:57 1,361 Almaty-akshamy
Азық-түлік өнімдерін жеткізуді реттейтін құжатқа қол қойылды
сурет: Қала әкімдігі

Алматы облысының өндірушілерімен Алматы қаласына азық-түлік өнімдерін жеткізу туралы меморандумдарға қол қойылды.


Алматы облысының ірі сауда желілері мен тауар өндірушілері Алматыға сиыр етін, күнбағыс майын және күрішті тікелей жеткізу туралы келісті. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Кикимовтың Алматы облысына жұмыс сапары барысында ынтымақтастық туралы тиісті меморандумдарға қол қойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.


Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, «Алматы» ӘКК» АҚ, «Жетісу» ӘКК «РИР» АҚ, «Magnum Cash&Carry», «Small» сауда желілерінің өкілдері құрамындағы делегация Талдықорған қаласы мен Балқаш ауданының «Жетісу Мажико» агрокешені» ЖШС, «Динара Ranch» ЖШС, «Агрофирма Бірлік» ЖШС, «Тамшы-бұлақ» ЖШС кәсіпорындары мен ірі шаруа қожалықтарына барды, онда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын белгіленген бағамен жеткізу туралы келісімдер жасалды.


Бұл шаралар Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасын іске асыруға арналған. Кездесу барысында Алматы облысының тауар өндірушілеріне мемлекеттік қолдау тетіктері, атап айтқанда, өндірілетін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға тиіс айналым қаражатын толықтыруға арналған жеңілдікті несиелер ұсынылды.



«Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мегаполистің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Бұл - ерекше бақылауда тұрған стратегиялық маңызды мәселе. Маусым айында біз көкөніс, қант, сүт және сүт өнімдерін, құс етін, жұмыртқа, макарон өнімдерін тікелей жеткізу бойынша келісімдер жасастық. Бүгін біз сиыр етін, май мен күрішті тікелей жеткізу туралы келісімге келдік. Қабылданған шаралардың арқасында шілде айының басынан бастап тұтыну бағалары индексінің 0,7% - ға төмендеуі байқалды, бұл республика бойынша Алматы қаласын 9 тармаққа, 10-нан 19-шы орынға төмендетуге мүмкіндік берді», - деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Кикимов.



Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (ӘМАТ) өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін Алматының 7 негізгі азық-түлік базарларында әлеуметтік дүкендер (Көк базар, Жаңа Ақбұлақ (көтерме сауда), Сары-Арқа, Тастақ, Таусамалы, Алматы-1, Түрксіб жәрмеңкесі) жұмыс істейді, онда орташа нарықтық бағадан төмен бағамен 10 түрлі ӘМАТ (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қант, қарақұмық, күнбағыс майы, күріш, рожки, ұн) сатылады. Алдағы маусымаралық кезеңге (2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы сәуірге дейін) Алматы әкімдігі 22 мың тонна көкөністі шұғыл түрде сатып алу шартын жасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);