Қазақстан академиялық ескек есуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының В финалында сынға түсті, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Асханбек Бапан жекелей сайыстың В финалында қашықтықты 7:05.21 уақытта жүзіп өтіп, екінші орын алды.
Сондай-ақ Александр Красновский мен Владислав Галкин жұптық сайыста 6:37.14 уақыт нәтижесін тіркеп, екінші сатыға жайғасты.