AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Азиада-2026: Әлижан Аблағатов Қазақстан қоржынына...

Азиада-2026: Әлижан Аблағатов Қазақстан қоржынына ушудан алғашқы жүлдені салды

Спорт Бүгін 16:45 26
Азиада-2026: Әлижан Аблағатов Қазақстан қоржынына ушудан алғашқы жүлдені салды
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Әлижан Аблағатов Аичи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жартылай финалдағы жекпе-жек

Қазақстандық спортшы ушу-саньдадан 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жартылай финалда Әлижан Аблағатов Иран өкілі Мохаррами Пирагоммен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша қарсыласы жеңіске жетіп, Әлижан Азия ойындарын қола жүлдемен аяқтады.

Алғашқы жүлде

Бұл - Қазақстан құрамасының қазіргі Азия ойындарында ушудан жеңіп алған алғашқы жүлдесі. Сонымен қатар ұлттық құрама тағы бір жүлдеге кепілдік беріп отыр. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абдурашид Абдуллаев финалға шығып, алтын медаль үшін күреседі. Жартылай финалда қазақстандық спортшы Қытай Тайбэйінің өкілі Хуан Жанды жеңді. Бұған дейін ширек финалда Абдуллаев Непал өкілі Санджив Махарджанды мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Ушу спортындағы жетістіктер

Қазақстандық спортшылардың Азия ойындарында ушудан жүлде алу дәстүрі қалыптасқан. 2014 жылы Инчхонда Ришат Ливанчо күміс, Нұрсұлтан Тұрсынқұлов қола медаль иеленді. Ал Аян Тұрсын екі мәрте — 2018 жылы Джакартада және 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында қола жүлдегер атанды.

Ушу спортының дамуы

Бүгінде ушу Қазақстандағы бұқаралық спорт түрлерінің бірі саналады. Елімізде бұл спортпен 4 мыңнан астам адам айналысады, оның шамамен 450-і - әйелдер. Спортшыларды 103-ке жуық жаттықтырушы дайындайды, олардың 15-і ауылдық жерлерде жұмыс істейді. Қазақстанда ушумен айналысуға арналған 150-ден астам спорт залы бар. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 266 спортшы бар.

Халықаралық жарыстар

Ушу Азия ойындары, Дүниежүзілік ойындар, Дүниежүзілік жекпе-жек өнері ойындары, Ислам ынтымақтастығы ойындары және жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары секілді ірі халықаралық кешенді жарыстардың бағдарламасына енген.

Оқи отырыңыз: Алексей Луценко рекорд жаңартып, Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#азиада #спорт #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көгалдандыру және абаттандыруға арналған халықаралық конференция өтуде

Бүгін 19:19

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қытайға жұмыс сапарымен барды

Бүгін 18:45

Ақтауда халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалі өтеді

Бүгін 18:11

Алматыда кәсіпкерлерге арналған цифрлық және AI құралдары бойынша білім беру бағдарламасы іске қосылады

Бүгін 17:44

Жүрекке жылу сыйлаған күн

Бүгін 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);