AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Азаматтығын ауыстырған бала Ұлттық қордағы үлесіне...

Азаматтығын ауыстырған бала Ұлттық қордағы үлесінен қағылады

Әлеумет 31.01.2023, 06:27 1,186
Азаматтығын ауыстырған бала Ұлттық қордағы үлесінен қағылады
Сурет: SN.kz

Баланың шотына Ұлттық қордан аударылатын ақшаға салық салынбайды.


Министрліктің есебі бойынша бұл жобаға 6,5 млн бала қатысады. Егер бала 18 жасқа дейін азаматтығын өзгертсе, жеке шотта жиналған ақшаны ала алмайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қалай жүзеге асырылатынын айтты.


Ол бағдарлама 2024 жылдан бастап іске асырылатынын атап өтті. Бала 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы шотына Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50%-і түсіп тұрады. Бүгінде министрліктің есебі бойынша жобаға 6,5 млн бала қатысады.



«Егер Ұлттық қордың инвестициялық кірісі теріс мәнде қалыптасса, не болады? Біз осы мәселені де талқыладық. Сол себепті біз тек бір жылдың ғана кірісін алмаймыз. 18 жылдағы орташа жылдық табысты аламыз. Өйткені ол әрқашан оң мәнде қалыптасады. Бала он сегіз жасқа толғаннан кейін алатын ақшаға салық салынбайды», - деді Қуантыров.



Сондай-ақ егер қазақстандық бала азаматтығын өзгертсе, ол Ұлттық қордың табысынан жиналған ақшасын ала алмайды. Оның шотындағы қаражат қалған балалар арасында қайта бөлінеді.



«Бала шетелге шыға алады. Егер ол азаматтығын өзгертпесе, ақша сол күйі сақталады. Егер басқа азаматтық алса, онда шотындағы қаржы оған берілмейді», - деп түсіндірді министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#азаматтық #ұллық қор #шот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);