конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Азаматтардың саяси мәдениетінің артуы – жаңа саяси...

Азаматтардың саяси мәдениетінің артуы – жаңа саяси ахуалдың айқын көрінісі

Әлеумет 28.06.2024, 14:56 831 Ерлан Қарин, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі
Азаматтардың саяси мәдениетінің артуы – жаңа саяси ахуалдың айқын көрінісі
Ақорда

Кеше Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында сөз сөйлеп, жалпыұлттық деңгейдегі ауқымды мәселелерге қатысты пікір білдірді.  

Қазақстанның көптен бері жаңа саяси ахуалда өмір сүріп жатқаны туралы айтты. Мұны ең басты тезистің бірі деуге болады.

Соңғы бес жылда елімізде ауқымды әрі түбегейлі өзгерістер болды. Қазақстанда жүргізілген институционалдық реформалардың арқасында жаңа теңдестірілген билік жүйесі қалыптасты. Соның аясында Парламенттің ықпалы айтарлықтай ұлғайып, Үкіметтің жауапкершілігі артты, Конституциялық Сот құрылды. 

Азаматтардың әлеуметтік белсенділігі мен саяси мәдениетінің артуы – жаңа саяси ахуалдың айқын көрінісі. Мемлекет азаматтардың өз ұстанымдарын еркін және ашық білдіруі, шешім қабылдау үдерісіне белсенді қатысуы үшін үлкен қадамдар жасады, жасай береді де.  

Соның арқасында бүгінде біз саяси және әлеуметтік мәдениетте сындарлы диалог, демократия және конструктивизм қағидаттарына негізделген мүлде жаңа нормалар мен стандарттарды қалыптастырдық. 

Қазақстандағы өзгерістердің маңызды және жарқын көрсеткіші – нақты пікір плюрализмі. Қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігіне айналған сөз бостандығы қазірдің өзінде қалыпты жағдай саналады. Бұл ең әуелі Президент ұсынған  «әртүрлі пікір – біртұтас ұлт» қағидасының арқасында мүмкін болып отыр.  

Жалпы, Мемлекет басшысының бұл сөзінде Әділетті Қазақстан құру бағытының өзгермейтіндігі, басталған кешенді реформалардың кері қайтпайтындығы және бұл үдерістегі қоғам мен азаматтардың рөлі айрықша екендігі туралы маңызды месседждер бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституциялық сот #Саяси мәдениет #БАҚ қызметкерлері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қалалық көшет тәлімбағы құрылуы мүмкін

Бүгін 19:01

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Бүгін 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Бүгін 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);