AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Авиация саласына жыл сайын 600-ден астам маман қаж...

Авиация саласына жыл сайын 600-ден астам маман қажет

Әлеумет 30.03.2025, 14:53 655 dulatbekova
Авиация саласына жыл сайын 600-ден астам маман қажет
Сурет: Көлік министрлігі

Қазақстан өңірлік авиациялық хабты қалыптастыру үшін кадрлар дайындығын күшейтуде.

Азаматтық авиация академиясында Көлік министрі Марат Қарабаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, сондай-ақ авиакәсіпорындар мен әріптестік ұйымдардың басшыларының қатысуымен оқу-әдістемелік бірлестіктің кеңейтілген отырысы және салалық кеңес өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Көлік министрлгінің мәліметінше, қатысушылар авиациялық персоналды даярлаудың стратегиялық бағыттарын, білім беру бағдарламаларын халықаралық стандарттарға бейімдеуді және саладағы кадр тапшылығын еңсеру жөніндегі шараларды талқылады.

Жыл сайын салаға 600-ден астам маман қажет. Олардың қатарында ұшқыштар, инженерлер, диспетчерлер, логистер, қауіпсіздік және пилотсыз жүйе мамандары бар. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ШҚО-дағы Зайсан және Қатонқарағай аудандарында екі жаңа әуежай құрылысын бастап кеттік. Осыған ұқсас жұмыстар Маңғыстау облысындағы Кендірліде де басталады. Бұдан басқа, Арқалық қаласы әуежайының қызметін қалпына келтіру қажет. Жаңа әуежайлар келешекте 1 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бұл үшін әрине өз ісінің мамандары керек» - деді Марат Қарабаев.

Академия - Қазақстандағы ICAO, IATA, AVSEC стандарттары бойынша мамандар даярлайтын жалғыз жоғары оқу орны. Бүгінгі таңда мұнда бакалаврлар, магистрлер мен докторанттарды қосқанда 2000-нан астам студент оқиды.

Академия білім беру моделін трансформациялау бойынша негізгі бастамаларды ұсынды: EASA (Part-FCL және part-66) стандарттарын енгізу, бағдарламаларды ағылшын тілінде іске қосу, ұшқышсыз авиациялық жүйелер орталығын дамыту, оқытуды цифрландыру және дуальды форматты кеңейту.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#авиация #мамандар #дайындық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);