AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ауыр жүк көлік жүргізушілері көлік инспекторларыны...

Ауыр жүк көлік жүргізушілері көлік инспекторларының заңсыз әрекеттері кезінде қайда жүгіне алады?

Әлеумет 15.10.2024, 11:29 927
Ауыр жүк көлік жүргізушілері көлік инспекторларының заңсыз әрекеттері кезінде қайда жүгіне алады?
Сурет: Naryntany.kz
Көлік министрлігінде көліктік бақылау инспекторлары тарапынан заңсыз әрекеттер мен әдепсіз мінез-құлық тіркелген жағдайда ауыр жүк көлік жүргізушілеріне қайда қоңырау шалуға болатындығы түсіндірілді.
 
Жауапты ведомство ғимаратында +7(7172) 98-35-35 және 98-35-33 нөмірлері бойынша тәулік бойы ситуациялық-ақпараттық орталық жұмыс істейді, деп хабарлайды aqshamnews.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 
 
«Еліміздің әр өңірінде көліктік бақылау инспекциясы жұмыс істейді. Көлік инспекторлары көліктік бақылауды жүзеге асырады: рұқсат беру және ілеспе құжаттардың бар-жоғын тексереді, автокөліктерді өлшеп, салмақтық және габариттік параметрлердің сақталуын тексереді. Көліктік бақылаудың процесі міндетті түрде бейне жетондарды пайдалана отырып жүргізіледі. Көліктік бақылау қызметкерлерінің бекетте тоқтау (оның ішінде жылжымалы) туралы талаптарын орындамау не көліктік бақылаудан өтуден бас тарту әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады», - деп еске салды Көлік министрлігінде.
 
Сонымен қатар, барлық ресми шағымдарды, өтініштер мен ұсыныстарды +7-700-098-35-35 (WhatsApp) нөмірі бойынша жіберуге болады. Сондай-ақ, 1403 (Қазавтожол ҰК байланыс орталығы) қысқа нөмірі бойынша хабарласуға болады.
 
Қазір елімізде ауыр жүк көліктерін өлшейтін автоматтандырылған станциялар кезең-кезеңімен енгізілуде. Олар жолдың мерзімінен бұрын тозуын болдырмауға көмектеседі. Көлік құралына шамадан тыс жүк тиелген кезде жүйе автоматты түрде фотосуретке түсіреді, одан кейін бұл ақпарат көліктік деректер базасының ақпараттық-аналитикалық жүйесіне беріледі. Бұл көлікті бақылау комитетіне салмақ нормаларын асыруға байланысты құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды жедел жіберуге мүмкіндік береді.4309:52
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауыр жүк көлігі #инспекторлар #заңсыз әрекеттер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда республикалық театр фестивалі басталды

Бүгін 20:19

Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларына қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есеп

Бүгін 18:17

Экологтар City Run жарысы кезінде Алматы орталығындағы ауа сапасын өлшеді

Бүгін 16:48

Рекордтар, жапондық танымал спортшы және 66 елден келген желаяқтар: Алматыда мерейтойлық жүгіру маусымы аяқталды

Бүгін 13:26

Алматыдағы спорт мектебінің ғимараты жанып кетті

Бүгін 13:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);