Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ауылдық жерлерде темекіні көп тартады екен

Ауылдық жерлерде темекіні көп тартады екен

Әлеумет 26.10.2023, 06:02 891
Ауылдық жерлерде темекіні көп тартады екен
almaty-akshamy.kz

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылдың шілдесінде темекіні тұтыну бойынша ересек тұрғындар арасында жыл сайынғы кезекті сауалнама жүргізді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Зерттеу республиканың барлық облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жүргізілді. Сауалнама сұрақтарына 15 жастан асқан 11 829 үй шаруашылығының бір мүшесі жауап берді.


Нәтижесінде зерттелген үй шаруашылығы мүшелерінің жалпы санынан қазіргі уақытта халықтың 19,4% (2022 жылы – 20,4%) немесе ерлердің 36%, әйелдердің 8,5% темекі тартады. Ауылдық жерлерде темекі тартатындардың үлесі – 19,6%, қалалық жерлерде – 19,3%. Темекі тартатын халықтың жалпы санының 92,3% өнеркәсіпте өндірілген темекіні тартады.



Темекі шегушілер тарапынан үйлерінде темекі түтінін жұтатын халықтың үлесі – 12,4%, оның 11,8% – темекі тартпайтындар. Жұмыс орнында темекі түтінінің әсеріне ұшырайтындар үлесі – 7,6%, оның 7,1% темекі тартпайтындар. Қоғамдық тамақтану орындарында сауалнамаға қатысқан респонденттердің 12,3% темекі түтінінің әсеріне ұшыраған, оның 11,6% – темекі тартпайтындар.



Темекі өнімдерін тұтыну – қатерлі ауруларды тудырады деп есептейтін респонденттердің үлесі 86,7%, сонымен бірге отбасы мүшелерінің темекі өнімдерін тұтынуына қарсы болған респонденттердің үлесі небәрі 6,8%. Барлық жерде темекі тартуға толық тыйым салатын заңнамалық бастамалардың енгізілуіне сауалнамаға қатысқан респонденттердің 71,8% қолдау білдірді.


2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы темекі тартатын респонденттердің үлесі 29-38 жас тобы ішінде өсті, қалған жас топтарында керісінше төмендеді.



* Ұлттық статистика бюросы елдегі ересек халықтың темекі тұтынуы бойынша зерттеуді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Ересек халықтың темекі тұтынуы» (ағылш. - GATS). бойынша жахандық зерттеудің халықаралық әдіснамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша 2020 жылдан бастап жүргізеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#темекі #жастар #халық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Кеше 17:46

«Дос-Мұқасан» алғашқылардың бірі болып қол қойды: Алматыда Гиннес рекордына ресми старт берілді

Кеше 17:26

ҚСЗИ-де жас сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі жаңашылдықтарын талқылады

Кеше 17:19

Еңбек ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

Кеше 17:12

Алматы бизнес қауымдастығы референдумды қолдады

Кеше 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі