Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ауылдардың 40 пайызында байланыс сапасы төмен

Ауылдардың 40 пайызында байланыс сапасы төмен

Әлеумет 14.06.2022, 14:32 1,074
Ауылдардың 40 пайызында байланыс сапасы төмен
Cурет: Inbusiness.kz

Елімізде соңғы 1,5 жыл ішінде 968 ауылдық елді мекенде байланыс сапасына тексеру жүргізілді. Аталған ауылдар барлық мобильді оператор желісіне қосылу бойынша «250+» бағдарламасына кіреді. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Телекоммуникациялар комитеті басшысының мәліметінше, 3G желісі үшін ең төменгі сапа параметрі секундына 1 мегабит, 4G үшін ірі қолданушыға секундына 5 мегабит қажет. Тексерудің қорытындысы бойынша ауылдардың тек 56-60 пайызында ғана байланыс аталған талаптарға сәйкес келетіні анықталды. 



«Байланыс базалары орнатылған кезде қолданушылар тұтынатын ақпарат көлемі үшін сапа жеткілікті болды. Жыл сайын байланысты тұтыну көлемі мен трафик артып келеді. Ол сәтте басқа қолданушы үшін байланыс сапасы төмендейді. Бұл министрліктің немесе оператордың сапасыз жұмыс істеуінен емес. Уақыт өзгереді, сәйкесінше тұтыну көлемі артады. Байланыс сапасын басқа жабдықтар есебінен жақсарту немесе базалық стансалардың тығыздығын қамтамасыз ету қажет», - деп толықтырды вице-министр. 



Бұған дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жарық бағаналарына байланыспен қамтитын базалық стансаларды да орнату идеясын ұсынған болатын. Одан бөлек, ведомство басшысы тұрғындардың радиофобиясы байланыс сапасын арттыруға кедергі келтіріп отырғанын тілге тиек етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауыл #Байланыс #Сапа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Бүгін 12:21

Мегаполистерде валюта бағамы қандай?

Бүгін 12:16

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында Ашық есік күні ұйымдастырылды

Бүгін 12:00

Медеу ауданында оқушы орындарының тапшылығы кезең-кезеңімен шешілуде

Бүгін 11:27

Алматыда «Медеу» паркінде жаңа маршрут салынады

Бүгін 11:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика