конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ауылдан шығып кетіппіз...

Ауылдан шығып кетіппіз...

Әлеумет 05.06.2023, 07:03 1,110
Ауылдан шығып кетіппіз...
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстанның 7 облысындағы шекаралас аудандарда халық саны азайып барады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Соңғы 3 жылда Қазақстанның шекаралас аудандарының халқы 3,35-тен 3,36 млн адамға дейін өсті. Бұл ретте шекара маңындағы 65 ауданның 40-да халық санының азаюы байқалады. Бұл көші-қон ағынымен және халықтың табиғи кемуіне байланысты болып отыр. Халық негізінен Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының шекаралас аудандарында азайып барады», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында, деп жазады ҚазАқпарат .



Халықтың үдере көшуіне басты себеп – табыстың төмендігі, жұмыссыздық, көлік қолжетімділігінің әлсіздігі және инженерлік инфрақұрылымының тозуы.



«Былтыр көші-қонның теріс сальдосы Шығыс Қазақстан, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында байқалады. Халықтың табиғи азаюы Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының шекаралас аудандарында байқалады. Түркістан, Алматы және Маңғыстау облыстарында табиғи өсім байқалады. Шекара маңындағы аумақтардың экономикасы табиғи-ресурстық және туристік-рекреациялық әлеуетті жеткіліксіз пайдаланумен, құрылымының монопрофильділігімен, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің трансшекаралық факторларды пайдаланудағы әлсіз белсенділігімен сипатталады», - деп көрсетілген құжатта.



Сонымен қатар, тұжырымдамада көрші елдермен салыстырғанда шекара маңындағы елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері әлдеқайда төмен екені жазылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шекаралы аймақ #ауылда #адам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда биыл 100-ден астам жеделсаты ауыстырылады

Бүгін 16:25

Азия Олимпиадалық кеңесінің өкілдері Алматының 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындығын бағалады

Бүгін 15:50

Ұлттық ғылым академиясы KazNARU базасында Қытай ғылым академиясымен бірлескен One Health зерттеулер орталығын ашты

Бүгін 15:47

Air Astana Қазақстанда бірінші болып DHL GoGreen Plus сертификатын алды

Бүгін 15:39

Алакөл жағалауында «Алакөл толқыны» фестивалі өтті

Бүгін 14:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);