AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Ауыл» партиясының экс-төрағасы Ғани Қалиев қайтыс...

«Ауыл» партиясының экс-төрағасы Ғани Қалиев қайтыс болды

Әлеумет 12.03.2024, 14:43 1,075
«Ауыл» партиясының экс-төрағасы Ғани Қалиев қайтыс болды
Сурет: inbusiness.kz

Қазақстандық ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Ғани Қалиев 86 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.



Ғани Қалиев еліміздің саяси өміріне де белсенді араласқан, ҚР Жоғарғы кеңесі мен Парламент Мәжілісінің депутаты болған. Сонымен қатар «Ауыл» партиясының экс-төрағасы.


Ол 1938 жылы жылы 19 шілдеде Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Белбасар ауылында туған.


Еңбек жолын Алматы халық шаруашылығы институтында (қазіргі Қазақ экономика университеті) оқытушы болып бастаған.


1968-84 жылдары Қазақтың ауыл шаруашылық экономикасы және оны ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, сектор, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары, директоры (1988-96);


1984-88 жылдары Қазақ қой өсіру технология ғылыми-зерттеу институтының директоры;


1991-96 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының президенті болды.


1999 жылдан бастап Парламент Мәжілісінің депутаты атанды.


Оның басшылығымен Агроөнеркәсіптік кешеннің Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесі құрылғанын атап өткен жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауыл #партия #Ғани Қалиев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жол апатынан үш жасөспірім қаза тапты

Бүгін 10:27

«Тұран» университетінде XV Turan Model United Nations 2026 конференциясы басталды

Бүгін 09:37

Сенбіде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Бүгін 09:30

Алматыда өткен KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам келді

Кеше 18:52

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Кеше 18:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика