AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Ауыл әкімдерінің 60 пайыздан астамы жаңарды

Ауыл әкімдерінің 60 пайыздан астамы жаңарды

Тәуелсіздік-30 29.07.2021, 07:38 2,454
Ауыл әкімдерінің 60 пайыздан астамы жаңарды
almaty-akshamy.kz

Жамбыл облысында ауыл әкімдерінің 60 пайыздан астамы жаңарды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz inform.kz сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда алғаш рет 25 шілде күні ауыл әкімдерінің сайлауы өткен болатын.



Ауыл әкімдерін тікелей сайлау науқанында Жамбыл облысындағы 38 ауылдық округ бойынша 122 кандидат ұсынылып, оның ішінде 111 үміткер тіркелді. Өткен сайлау нәтижесінде тікелей дауыс беру арқылы 38 ауыл әкімі сайланды, олардың 63,2 пайызы жаңарды.



Оның үшеуі - әйел әкімдер. Мәселен, Жуалы ауданы Карасаз ауылдық округіне сайланған Жанар Нұрмұратқызы бұған дейін аталған елді мекендегі әкімдіктің іс-жүргізу және есеп бөлімінің басшысы болып жұмыс істеп, меритократия қағидасы арқылы қызметте жоғарылап, ауыл әкімі болып сайланды.


Жалпы әкімдердің орташа жасы – 43, бұған дейінгі көрсеткіш – 54 жас болатын, яғни, ауыл әкімдерінің жаңа буыны 11 жасқа жасарып отыр. Ең жас әкім - Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылына сайланған 28 жастағы Қуандық Ерсайын осыған дейін аудан әкімдігінде персоналды басқару бөлімінің басшысы болып қызмет еткен.




Барлық партия өкілдеріне, өзін-өзі ұсынғандарға тең жағдай жасалды. Әкім лауазымына тағайындалғандардың 31-і «Nur Otan» партиясынан, «Ауыл», «Адал», «Ақ жол», «Қазақстанның Халықтық партиясы» партияларынан бір кандидаттан жеңіске жетті. Өзін-өзі ұсынғандардың ішінен 3 адам енді ауыл әкімі лауазымында жұмыс істейтін болады.



Тағы да айта кетерлігі, өңірдегі жаңа әкімдердің 31 пайызының мамандығы экономист, 24 пайызы - мұғалім, 13 пайызы - инженер, 11 пайызы - ауыл шаруашылығы маманы, 5 пайызы - заңгер, 16 пайызы - өзге мамандық иелері.


Жамбылдықтар Президенттің бұл жаңашыл реформасына толықтай қолдау көрсетіп, сайлауға белсенді қатысты. Өңірдегі 89 сайлау учаскесінде 94 642 адам, яғни сайлаушылардың 90 пайызы қатысты.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау #әкім #ауыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жол апатынан үш жасөспірім қаза тапты

Бүгін 10:27

«Тұран» университетінде XV Turan Model United Nations 2026 конференциясы басталды

Бүгін 09:37

Сенбіде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Бүгін 09:30

Алматыда өткен KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам келді

Кеше 18:52

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Кеше 18:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика