Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Аударымдар үшін салық алына ма?

Аударымдар үшін салық алына ма?

Экономика 01.12.2024, 10:45 783
Аударымдар үшін салық алына ма?
Сурет: Gov.kz

Қазақстандықтарды карталар бойынша аударымдардан салық алу туралы жаңалық таңғалдырды. Көптеген азаматтар енді әрбір аударым үшін 12 пайыз салық төлегенше, қолма-қол ақша қолданған дұрыс деп мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Ұлттық экономика министрлігінің ұсынған салық кодексіндегі жаңа нормалар жобасы туралы ақпаратты депутат Асхат Аймағамбетов Алматыда, ҚР Мәжілісінің Қоғамдық палатасы отырысында айтты. Жаңа жобада аударымдар туралы нақты ақпарат айтылмағанымен, депутат осы жаңа норманың енгізілуі туралы мәлімдеп, оның 12 пайыз салық салынуы мүмкін екенін айтты.

Мысалы, картадан картаға аударым жасағанда комиссия 150 теңгені құрайды. Бірақ, егер салық кодексіндегі жаңа норма қабылданса, аударымдар 12 пайызға қымбаттайды. Бұл өзгеріс экономика министрлігінің банктердің барлық қызметтеріне, соның ішінде карталарды пайдалану, аударымдар мен банктік қызметтерге қосымша қосылатын салықтарды қарастыруы туралы ұсынысы аясында орын алып отыр.

Аймағамбетовтің айтуынша, министрлік банктер бұл шығындарды өздері жабады деп санаса да, депутат бұның мүлде шындыққа жанаспайтынын, өйткені банктер ешқашан пайдадан бас тартпайтынын айтты. Осылайша, жаңа норма әрбір азаматқа әсер етеді.

Бұл ұсынысқа қарсылығын білдіргендер арасында Ұлттық банк, Қаржыгерлер ассоциациясы, сарапшылар мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы да бар. Дегенмен, министрлік осы өзгерісті салық кодексіне енгізуді ұсынды. Аймағамбетов бұл бастаманың тек азаматтардың шығындарын арттырып қана қоймай, қаржы жүйесіне деген сенімді де төмендететінін айтады.

Депутат осы норманы өзгерту туралы ұсыныстар енгізгенін айтты, бірақ оның қаншалықты әділ екенін халық өзі бағалайтынын атап өтті.

Бұл мәселеге байланысты Сырым Иткуловқа министрлік аударымдарға салынатын салыққа қатысты түсініктеме берген. Министрліктің ресми мәлімдемесіне сәйкес, азаматтардың ақшасына салық салынбайды, салық тек банктердің өз қызметтеріне, атап айтқанда, аударымдар мен карталарды шығару бойынша алынатын комиссиялардан ғана алынатын болады.

Министрліктің мәліметі бойынша, бұған дейін банктер қаржылық операцияларға қатысты жеңілдіктерге ие болып, салық төлемеген. Бірақ жаңа норма бойынша бұл жеңілдіктер жойылмақ. Мысалы, басқа банкке 10 000 теңге аударғанда алынатын комиссиядан салық төленетін болады. Ал бір банк ішіндегі аударымдар (мысалы, Kaspi жүйесінде) салыққа тартылмайды, себебі мұндай операцияларда комиссия жоқ.

Қазіргі уақытта бұл өзгерістердің нақты қалай жүзеге асатыны белгісіз, бірақ халық бұл туралы қосымша ақпарат алу үшін күтуі қажет.

Сонымен қатар, салық кодексіндегі жобада зейнетақы қорынан алынатын зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығын алып тастау және 10 жылдан асқан көліктер үшін көлік салығын 30%-ға, ал 20 жылдан астам көліктер үшін 50%-ға төмендету ұсынылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#салық #Салық Кодексі #депутат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өңірлік «Аналитика мектебіне» өтінім қабылдау басталды: қатысушылар қаланың болашағы үшін шешімдер әзірлейді

Бүгін 15:46

Қазақстанда мұғалімдерді аттестаттауға қатысты жаңа өзгерістер енгізілді

Бүгін 15:26

Ұлттық метаболикалық код 2026: болашақтың медицинасы үшін пәнаралық диалог

Бүгін 14:52

Алматыда 200-ден астам тұрғын реновация бағдарламасы аясында жаңа баспана алды

Бүгін 14:43

Алматыда қазақ лингвистикасы цифрлық дәуірге аяқ басты

Бүгін 14:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика