конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / "Атом реакторын жарып жібереміз". Иран Израильге қ...

"Атом реакторын жарып жібереміз". Иран Израильге қоқан-лоқы жасап отыр

Әлем 05.03.2026, 08:39 294 Дина
"Атом реакторын жарып жібереміз". Иран Израильге қоқан-лоқы жасап отыр
Flash90

Иранның әскери өкілі АҚШ пен Израиль Тегерандағы билікті ауыстыруға талпынса, Иран Израильдің оңтүстігіндегі Димона ядролық зерттеу орталығына соққы беруді қарастыратынын мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. Бұл туралы ISNA агенттігі жазды.

Иранның ISNA басылымы әскери шенеуніктің мәлімдемесіне сүйеніп, АҚШ пен Израиль егер «режим ауыстыру» сценарийін жүзеге асыруға ұмтылған жағдайда Тегеран Израильдің Димонадағы ядролық нысанын мақсат етуі мүмкін екенін хабарлады.

Әңгіме Негев шөлінде, Димона қаласына жақын орналасқан ядролық зерттеу орталығы туралы болып отыр. Ақпаратқа сәйкес, ол 1964 жылы іске қосылған және құрамында табиғи уранмен жұмыс істейтін ауырсулы реактор бар.

БАҚ мәліметінше, АҚШ пен Израиль сенбі күні Иранға қарсы операция бастағанын жариялаған. Тель-Авив мұндағы мақсат «Тегеранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеу» екенін айтса, Вашингтон Иранның әскери инфрақұрылымына соққылар жалғасуы мүмкін екенін ескерткен.

Қақтығыс салдарынан адам шығыны туралы деректер де әртүрлі. Мысалы, Иранның Қызыл Жарты айы жүздеген адамның қаза тапқанын хабарлағаны айтылды, ал кей дереккөздер қаза тапқандар саны бұдан да жоғары болуы мүмкін екенін жазады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Иран #израиль #АҚШ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қалалық көшет тәлімбағы құрылуы мүмкін

Бүгін 19:01

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Бүгін 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Бүгін 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);