Атбасар тұрғыны үйінде криптовалюта шығарумен айналысқан

Атбасар тұрғыны үйінде криптовалюта шығарумен айналысқан www.publish0x.com

Атбасар қаласының 29 жастағы тұрғынының үйінен криптовалюта жасайтын жабдықтар табылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы сәуірдің 24-інде Атбасар аудандық полиция бөлімінің полиция қызметкерлері Атбасар қаласының 29 жастағы тұрғынының үйінен криптовалюта жасайтын жабдықтарды тапты. Оның ішінде 2 дана жұмыс істеп тұрған айтмайнер арнайы жабдығы, сондай-ақ, айтмайнерге қажетті 9 дана жабдық және өзге де қосалқы техникалар бар.



«Табылған жабдықтардың иесі бағдарламашы – 29 жастағы жергілікті тұрғын. Ер адамның үйінде криптовалюта жасап келе жатқандығына 3 ай болған. Қазіргі кезде осыған байланысты іс материалдары мемлекеттік кірістер басқармасына әкімшілік хаттама толтыру үшін жолданды», - деді ведомстводан.



Айта кетсек, қызметтің осы түрі (майнинг) бойынша 2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасында төлемақы (цифрлық майнинг үшін төлемақы) алынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21

15:17